Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес басқармамен 3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
- 2 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;
- 2 қызмет қағаз түрінде;
- 3 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.
2021 жылдың 12 айында басқармамен 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- қағаз түрінде - 9 қызмет (100%).
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсету фактілері тіркелмеген.
Есепті кезеңде басқармамен бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша бұзушылық фактілері анықталмады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі тіркелмеген.
Түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 3 қызметкер өтті.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 12 000 халықты қамтылған 10 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.
Дата публикации
17 августа 2022