Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
12 айы бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқармамен 3 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 2 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 3 қызмет электронды форматта және 2 қызмет қағаз түрінде көрсетілуде.
2021 жылдың 12 айында кеңсе арқылы барлығы 9 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Мемлекеттік корпорация арқылы, электронды форматта қызметтер түспеген.
3 қызмет бойынша көрсетуден бас тартылдв. Аталған бас тартулардың негізгі себептері бекітілген бас жоспарда белгіленбеуі.
2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген және мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылмаған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың 12 айында 10 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 12000 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі
Есепті мерзімде басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 2 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізіп, 1 ведомстволық бағынысты ұйым қамтылды. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталмады.
Дата публикации
17 августа 2022