
Басқарманың негізгі міндеттері – қала құрылысы қызметінің дамуына талдау жасап, елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлардың жүзеге асуы мен облыс аумағында қала құрылысы регламенттерін сақтау жөніндегі қызметтерді үйлестіру, облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүзеге асыру, сондай-ақ адамның мекендейтін, тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
I.Елді мекендердің бос жоспар жобаларына түзету енгізу бойынша
Жамбыл облысы бойынша 371 қала мен елді мекеннің (оның ішінде 4 қала және 367 елді мекен) қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілген.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес Тараз қаласы бойынша тұрғын алқаптар мен көшелердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов, Талас аудандарына тиесілі елді мекендердің қала құрылысы жобаларына түзету енгізу жұмыстары жоспарға енгізіліп, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК-нан келісім алынып, жобалау жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, бүгінде қалалар бойынша жер учаскелері «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жүйесі арқылы электронды түрде беріліп жатқаны өздеріңізге белгілі. Ендігі кезекте барлық елді мекендерді қамту жоспарға енгізіліп отыр. Осы тапсырманы түсіндіру мақсатында, Басқарманың мамандары 2024 жылдың III тоқсанында аудан әкімдіктеріне семинар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнде, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу аудандары тарапынан қажет етілетін елді мекендерге зерделеу жүргізу, қадамдық алгоритмін бекіту, бюджеттік өтінім ұсыну және т.б. жұмыстар атқарылуда.
Қалған Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас, Т. Рысқұлов, Шу аудандары тарапынан мүлдем жұмыстар жүргізілмеген.
Осыған байланысты, елді мекендердің қала құрылысы жобаларына зерделеу жүргізіп, координаттық жүйелерінің байланысын және жер учаскелерінің базаға сәйкестігін зерделеп қажет етілетін елді мекендердің қала құрылысы жобаларына түзету енгізу қажет.
IІ.Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу
Ведомствоаралық комиссия мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес, 2024 жылдың 31 қазанынан бастап «Сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, эскиздік жобаларды келісуді ұсыну» бойынша қызметтер қалаларда мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілуде.
Бұл ретте, Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде толық көлемде енгізілуі қажет.
Дегенмен, Тараз қаласы бойынша барлығы 31 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының құрылымы мен құрамы толық емес ұсынылуы және цифрлық нұсқасы болмауы есебінен ақпараттық жүйеге енгізілмей, жалпы көрсеткіш тек 27% құрады.
Сонымен бірге, Шу ауданы бойынша Шу қаласының бас жоспар жобасы координаттық жүйеге дұрыс енгізілмеуіне байланысты ақпараттық жүйеге енгізілмей отыр.
Аудан әкімдігі тарапынан бас жоспарды түзетуге қажетті қаражат көлемі толық қарастырылмай (жалпы 58,0 млн.теңге қаражаттың тек 5,0 млн.теңге шілде айында қаралған), жобалау жұмыстары мерзімінен кеш жүргізіліп, көрсеткіші (басқарма тарапынан ұсынылған деректер негізінде) тек 10% құрады.
Бұл облыстың оң көрсеткішіне кері әсер етіп тұрғаны туралы облыс әкімімен өткен кеңестерде және Өзіңізгеде баяндағанмын.
Кемшіліктерді ретке келтіру бойынша, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен қала құрылысы жобаларын пысықтау мәселелері бойынша 2024 жылдың 01 қарашасында өткізілген кеңес хаттамасының 2-тармағына сәйкес, Тараз қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен Шу қаласының бас жоспарына түзету енгізу және пысықтау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Әзірленілген іс-шаралар жоспары 15.11.2024ж «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК-мен алдын ала келісіліп, 18.11.2024ж бекітілді.
Осы бойынша, Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 28 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізу/жаңадан әзірлеу, пысықтау және 3 жобаның күшін жойып басқа аумаққа біріктіру бойынша жұмыстар атқарылуда.
2024 жылдың 18 қарашасында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, жобалау жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың маусымына жоспарланып отыр.
Бүгінгі күнге, Жиделі, Арай, Көлтоған 71 га, Көлтоған 250 га алқаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу үшін ұсынылды.
Ендігі кезекте, Автобекет 539 га және Родничок, Ақжол, Мичуренц алқаптарының жобаларын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.
Шу ауданы әкімдігі тарапынан Шу қаласының бас жоспар жобасын координаттық жүйеге келтіріп ақпараттық жүйеге енгізу үшін түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны аяқтау 2025 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
IІІ. Аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу бойынша
Мемлекетік басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау бойынша, 2024 жылы келесі елді мекендерге 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілді:
- Тараз қаласының жаңа құрылыс нысандары бой көтерген жалпы 6300 га аумағына жүргізілген аэрофототүсірілім жаңартылып, қалаға қосылатын 12 906,7 га аумаққа,
- Қордай ауданы Отар ауылына,
- Сарысу ауданы Саудакент ауылына,
- Шу ауданы Бірлік, Қонаев ауылдарына жүргізілді.
Бүгінде, орталық атқарушы орган тарапынан жүргізілген масштабы 1:2000 (289 елді мекен) және басқарма тарапынан орындалған масштабы 1:500 (30 қалалар мен елді мекен) құрайтын аэрофототүсіріліммен қамтылуы 86% (319 елді мекен) құрап, облыстың қалалары мен аудан орталықтары және халқының саны 5 мыңнан жоғары елді мекендері 100% аэрофототүсірілім жұмыстарымен қамтылды.
Облыстың қалған 5 мыңнан төмен 52 елді мекенге аэрофототүсірілім жұмыстары алдағы уақытта орталық атқарушы орган тарапынан кезең-кезеңімен жүргізіледі деп күтілуде.
Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік кызметтерін көрсетілуін үйлестіреді.
2024 жылы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау бойынша 70 өтініш түсіп, 67 өтініш қанағаттандырылып, меншік иелеріне рұқсат шешімі берілді. 2 өтініш елді мекеннің бас жоспар жобасында жоспарланбауына байланысты, 1 өтінішке 2020 ж шешім алынуына байланысты (қайта шешім алуы қажет емес) шешім беруден бас тартылды.
Сонымен қатар, Облыс бойынша 371 елді мекенде 348 ғибадат үйі бар. (Тараз -38 мешіт, Байзақ-43 елді мекен 35 мешіт, Жамбыл-42 елді мекен 36 мешіт, Жуалы-49 елді мекен 28 мешіт, Қордай 41-елді мекен 65-мешіт, Мойынқұм -24 елді мекен 14 мешіт, Меркі-45 елді мекен 30 мешіт, Т.Рысқұлов 42 елді мекен -33 мешіт, Сарысу 25 елді мекен 18 мешіт, Талас-24 елді мекен 23 мешіт, Шу 35 елді мекен-28 мешіт). Ғибадат үйлерін салу бойынша Қордай ауданы көш бастап тұр (41-елді мекен де, 65-мешіт бар).
Жамбыл облысы прокуратураның ұсынысы негізінде, басқа ұлт өкілдері көп шоғырланған Қордай ауданындағы мешіттердің жай-күйін талдау нәтижесінде, 39 мешіттің шешім алмағаны анықталды.
Мысалыға, Масаншы елді мекенінде 18 727 халық, 12 мешіт бар (ата-бабасының атынан мешіт ашу қалыптасып кеткен), 7-мешітке шешім алмаған, Сортобе елді мекенінде 18 351 халық, 11 мешіт бар, 7-мешітке шешім алмаған. Дін істері басқармасымен бірлесе отырып, Қордай ауданы әкімдігі, Қордай ауданы прокуратурасына ғибадат үйлерін салу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.
Мұндай мәселелер, Меркі-8, Т.Рысқұлов-5, Шу-5 аудандарында мешіттерге шешім алмағаны анықталған. Түсіндіру жұмыстары негізінде бүгінгі күнге толық шешім алынды.
Сонымен қатар, Қордай ауданында-8 мешіт шешім алмай отыр (аудан әкімдігіне ескертілді).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіне сәйкес, өңірлерде өз қаражатына мешіт салып жатқан кәсіпкерлердің шынайы, игі ниеттеріне жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай, спорт кешендері салынса, мешіт салғаннан кем емес игілікті және пайдалы іс болар ұсынысына сәйкес, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мешіт салуға ниет білдірген кәсіпкерлерге жоғарыда аталған мәселеге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілді.
ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 32-ші қадамы «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталын құру туралы тапсырма берілген болатын.
Осыған орай, «100 – нақты қадамы» «Ұлттық жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» бағытында» Жамбыл облысында 2016 жылы жүзеге асыру мақсатында, 371 елді мекеннің электрондық карта әзірлену жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнге, облыс елді мекендерінің «қылмыстық құқық бұзушылық картасына» қала мен аудан әкімдіктері тарапынан өзгерістер мен толықтырулар жасалды және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ақпараттық жүйесіне енгізу үшін басқарма тарапынан ұсынды.
Басқармаға қарасты «Сәулеттік бюро» мекемесіне бюджет есебінен жобаланып жатқан жобалық-сметалық құжаттамаларды зерделеу бойынша арнайы функция берілген болатын.
Осыған орай, облыс әкімімен 2024 жылдың 3 мамырында «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қарастырылатын қаражатты тиімді жоспарлау және игеру бойынша іс-шаралар жоспары» бекітіліп, тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне ұсынылған болатын.
2024 жылы «Сәулеттік бюро» мекемесі тарапынан жалпы 172 жоба қаралып, оның ішінде 76 жобаға келісім берілді, 32 жобаға ұсыныс берілді, 20 жобаға қайта пысықтау үшін кері қайтарылды, 44 жобаның сараптамадан өтуіне байланысты, қарастырудан бас тартылып кері қайтарылды. (Жұмыспен қамту – 1, Цифрландыру және архивтер басқармасы - 3, Табиғи ресурс – 3 басқармалары; ЖО аппаратының мамандандырылған базасы - 1, Тараз қаласы – 3, Байзақ – 13, Жамбыл – 1, Қордай – 2, Меркі – 3, Мойынқұм – 2, Сарысу – 9 аудандарына және Жамбыл су МКК – 3 тиесілі). Оңтайланған жалпы сомасы: 3 007 409, 791 мың тг.
Сонымен қатар айта кететін жайт, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар келісімге ұсынылған жағдайда, «Сәулеттік бюро» мекемесі тарапынан қарастырудан бас тартылатыны ескертілген болатын. Алайда, айтылған ескертпелер тапсырыс берушілер тарапынан ескерусіз қалуда.
Осыған байланысты, берілген тапсырманың маңыздылығын ескере отырып, әкімдіктің басқарма басшылары мен қала және аудан әкімдері қатаң бақылауға алып, келісім алу ұсынылады.
Қосымша айта кететін жайт, 53 жобалық-сметалық құжаттамалардың сараптама қорытындысының үш жылдық пайдалану мерзімі өткен. Оның ішінде, Қордай ауданы бойынша 1 жоба (ики) және Шу ауданы бойынша 2 жобаға (мдениет үйі, ипподром) қайта түзету енгізілген. Қалған жобалар жарамсыз болып табылады.
VII. Облыс бойынша қызыл сызық нормасын бұзып құрылысы жүргізілген нысандар туралы
Тараз қаласы мен аудандардың бекітілген бас жоспар жобаларына сәйкес, «қызыл сызық» нормаларын бұзып құрылысы жүргізілген насындарға басқарма тарапынан жыл сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіліп отырады. Бүгінгі күнде, облыс бойынша 93 нысан (Тараз – 52; Байзақ – 6; Жамбыл – 2; Жуалы – 8; Қордай – 3; Меркі – 4; Сарысу – 5; Т. Рысқұлов – 7; Талас – 2; Шу – 4) анықталды.
Бүгінгі күнге, 93 нысанның ішінен (Тараз қаласы – 11 нысан;Байзақ – 6 нысан; Жамбыл – 2 нысан; Жуалы – 8 нысан; Қордай – 3 нысан; Меркі – 4 нысан; Сарысу – 5 нысан; Т. Рысқұлов – 7; Талас – 1 нысан және Шу – 4 нысан) аудандары тарапынан 51 нысанға шара қолданылған.
38 сауда дүңгіршектерінің құжаттары рәсімделген (Тараз қаласы – 37 нысан; Талас – 1 нысан).
Қалған, 4 нысанның 3 нысанына сот органының бұзу туралы шешімі шықты (Желтоқсан көшесі №118 кафеге қосымша құрылыс және Абай даңғылы 135 «А» сауда дүңгіршектер; Абай даңғылы «Самарканд» кафесіне қарама-қарсы орналасқан құрылыс нысаны), 1 нысан бойынша талап арыз сот органында қаралуда (Абай даңғылы мен Байзақ батыр көшесінің қиылысындағы косымша асхана курылысы).
Осыған орай, жоғарыда аталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында, Тараз қаласы мен аудан әкімдері алдын ала зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сәулет және қала құрылысы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажет.
VII. Үлестік құрылыстар туралы
Жамбыл облысы бойынша жеке қаржыландыру есебінен 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, үлескердің ақшасын тартуға рұқсат құжаты бар бір құрылыс нысаны яғни, «Hamilton park» тұрғын үй кешені болатын.
Үлестік қатысуы бар тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға қабылданды. Бүгінде, «Hamilton park» тұрғын үй кешені бойынша, проблемалық мәселелер жоқ.
Сонымен қатар, жеке қаржыландыру есебінен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, тұрақты бақылауда.
Қалған көпқабатты тұрғын үйлер бойынша, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бұзылмаған.
VIII. Эскиздік жобалардың орындалу барысы
Елді мекендердің сәулеттік келбетін көркейту мәселесі, тек жаңа құрылыс нысандарын жоспарлау және жаңа құрылыс нысандарының құрылысын жүргізу барысында «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту» Қағидасына сәйкес құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі негізінде атқарылып келеді.
Басқармаға қарасты «Сәулеттік бюро» мекемесімен 2024 жылға 83 эскиздік жоба әзірленіп, 20 жоба (Тараз -16, Шу-1, Талас-1,Сарысу-1,Қордай-1) іске асырылды. Іске асырылған жобалар:
2.Тараз қаласы Аэропортовская көшесіндегі субұрқақты абаттандыру;
3.Тараз қаласы Аэропортовская көшесіндегі аялдаманы абаттандыру;
4.Тараз қаласы Арбат бойынша ауыз су бұрқақтарын орнату;
6.Тараз қаласы Асқаров көшесінің аяғындағы психиатриялық ғимаратының қасбеттік шешімі
12.Тараз қаласы Аба және Төле би көшелерінің қиылысында төрт жақты көше сағатын орнату;
Қалған 63 эскиздік жобаны (Тараз қ-49, Шу -4, Мойынқұм-7, Т.Рысқұлов -3) іске асыру кезең-кезеңімен алдағы жылдарға жоспарға енгізіліп отыр.
2025 жылға арналған Жоспары.