GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 августа 2023
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

🔹Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

🔹Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

🔹Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

🔹Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• Сыртқы саясат және инвестициялар;
• Экономикалық және қаржылық саясат;
• Цифрландыру;
• Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

🔹Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- Құжаттарды қабылдау;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.

🔹Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

23 мая 2023
Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет

Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.

Еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделеді. Мұндағы ба­сым­дықтардың бірі – мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу. Бүгінде Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жаңғырту тапсырмасын жүзеге асыру аясында 4 заң қабылданып, бірқатар заңға тәуелді актілер дайындалды. Енді мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық-нормативтік құжаттарға өзгер­тулер енгізумен шектелмейді. Мұн­да­ғы басты міндеттің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Ол үшін мемлекеттік қызметшіге саналы тұрғыда өзгеріс қажет. Бұл ниет қалаулары мен ұста­ным­дық қағидаттарын өзгерту талабын туд­ырады. Алда осы арнадағы жұмысты жан­дандыруды көздеп отырмыз.

Мемлекет басшысы Ұлттық құ­рыл­тайда: «Халқы­мы­з­дың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалып­та­са­ды. Бір сөзбен айтқанда, барша еліміз жаңарады», деп саналы өзгеріске деген қажеттіліктің пісіп-же­тіл­генін айтқан болатын.

Өкінішке қарай, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінен өзге, олардың қоғамдағы болмысы мен тұл­ға­сына қатысты саналы жаңғыруға ба­ғыт­­талған бірде-бір құжат жоқ. Сон­дық­тан еліміздегі мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің саналы тұрғыдан жаң­ғы­р­уына ықпал ететін, олардың ұста­ным­да­ры мен құндылықтарын жүйе­лей­тін арнайы Доктрина жобасын дайындау­ды қолға алдық. Онда мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің қоғамның сұранысына жа­­уап бере алатын мақсатты дағдылары, құндылықтық ұстанымдары топтасты­рылды. Бұл құжат мемлекеттік қыз­мет­шілердің саналы, рухани-адам­гер­шілік тұрғыдан өзгеруіне түрткі болуға ба­ғыт­талып, олардың мемлекеттік бас­қа­ру жүйесіндегі қызметін сапалы түрде кәсібилендіруді көздейді.

Мемлекеттік қызметшілердің тұлға­лық болмысын жетілдіруге қатыс­ты әлемдік тәжірибені зерделегенде бар­ша­ға ортақ, әмбебап, үздік тәжіри­бе не­месе қандай да бір үлгілі стан­дарт­тың жоқ екенін көреміз. Мәселен, белгілі бір елде тиімділігін көрсететін жүйе басқа елде тиімді болмауы мүм­кін. Халықаралық тәжірибеден аңғара­ты­нымыз – мемлекеттік қызметтің бір­­тұтас және тиімді жүйесін құру әр ел­дің тарихи, мәдени, ұлттық және басқа да өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетіні. Сондықтан отандық мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын жетілдіру өзге елдердің тә­жірибесіне арқа сүйеп қана қоймай, елі­міздің дәстүрлі-мәдени, әлеуметтік-тарихи факторларын, ұлттық құн­ды­лық­та­рын ескере отырып жүзеге асырылуы қажет.

Қазіргі біздің қоғам мемлекеттік қызметшілерден елдік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін отанымыздың дамуына жұмсауын күтеді. Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық жетілуі – тұтастай қоғам өзгеруінің алғышарты. Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы қоғамға үлгі болуы қажет. Ол үшін мемлекеттік қызметші кәсіби, тұлғалық ізгі қасиеттерді бойына жинақтап, іс жүзінде оның нәтижесі көрініп тұруы керек.

Мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірі оның кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Рухани мәдениет пен білім, алған тәрбие адамның тұлғалық болмысын құрап, нәтижесінде оның іс-әрекетіне ықпал етеді. Мұнда зұлымдық пен әділетсіздікке жол бергізбейтін ішкі бақылаушы – ар-ұжданның орны ерекше. Ардан аттамау – адамшылық бастауы. Ізгі қоғам туралы ұзақ ізденген данышпан ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби ар-ұжданға жүгінген қоғамда заңдарға жүгінуге қажеттілік азаяды дегенге саятын тағылымды ой қалдырған. Бұл заңдарға жүгінуге жеткізбей, әр адам­ның ар-ұжданы деңгейінде көп­те­ген сұрақтың шешімі бар екенін айтып отыр. Алдымен адам ішкі ар-ұждан заңдарын жетекшілікке алу керек. Сонда әркім өмір сүруге қажетті, жазылған сыртқы заңдарды бұзудан қорыққандықтан емес, адамшылық парызы үшін түзелу жолында болады. Бұл ой – бүгінгі саналы жаңғырудың да негізіне айналуға тұрарлық идея. Яғни ар-ұждан бақылауын күшейту – қазіргі қоғамдағы әр адамның тұлғалық болмысын жетілдіру бойынша саналы жаңғыруының басты шарты болуы керек.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу адамнан оны саналы тұрғыдан сезінуді, шын ынта-жігерін, ең бастысы – ниет тазалығын талап етеді. Ел игілігі үшін адал, риясыз қызмет ететін мемлекеттік қызметші нағыз азамат және Отанды сүюдің үлгісі болуға лайық. Ол саналы адам ретінде өз-өзіне «мен өз өмірімді, өзім өмір сүріп отырған қоғамды, мемлекетті жақсарту жолында не істедім?» деген сұрақ қояды. Мемлекеттік қызметшіге тұлғалық болмысын жетілдіру үшін өз-өзіне есеп беру және өзін-өзі тану мәдениетін дамыту маңызды. Бұл жауапкершілікті арттыруға негіз болып, жақсы жаққа өзгеруіне жол ашады. Есеп алу айна тәрізді өзіне сырт көзбен қарап көруге мүмкіндік тудырып, қателіктермен жұмыс істеуге ынталандырады. Мемлекеттік қызметші өзінің кәсіби білімімен пайда келтірумен ғана шектелмей, сонымен қатар адамшылық тұрғыдан басқалар бой түзейтін үлгіге айнала білуі керек.

Мемлекеттік қызметшілердің бо­йынан Абай бейнелеген «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» көрініс табуы қажет. Бұл қасиеттер мемлекеттік қызметшінің кәсіби және тұлғалық дамуына айтарлықтай ықпал ете алады. Абай «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп осы үш қасиеттің адам бойынан көрініс табуын толысудың, кемел болудың басты шарты ретінде қараған. Ақыл мен қайрат жүрекке бағынуы керек деген байламға келген. Өйткені барлық мейірім, жанашырлық атаулы жүректен шығады. Ойшыл «Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса – өзің шектеулісің» дейді. Өз басының қара қамын ғана ойламай, әрдайым елдік мұратты биік қоя білу, елге адал қызмет ету – адам бойындағы адамшылықтың бір көрінісі. Хакім отыз жетінші қара сөзінде тағы да «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» деген. Абай ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстауды «толық адамға» тән сипат ретінде қараған. Осы орайда, Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы «Абайдың «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», деген пікірі біздің қоғам үшін аса маңызды. Абай айтқан, «толық адам» мемлекеттік қызметшінің тұл­ға­лық болмысын жетілдіруде негізгі бағдар болуы қажет.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің ха­лық­қа сапалы қызмет етуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін бюрократияға, формализмге, имитацияға және қызметтің декларативтілігі элементтеріне жол бермеуінен көрінеді. Саналы жаңғыру жолындағы маңызды қадамның бірі – халыққа адал ниетпен қызмет етуге деген ынта-жігерді арттыру. Бұған қоса ұлттық мүддені басым қою, мемлекеттік сана, әділдік, ашықтық, антқа адал болу – бұлар мемлекеттік қызметшілердің са­налы тұрғыдан жаңғыруына септігін тигізетін ұстанымдар. Осылар мемле­кет­тік қызметшінің тұлғалық болмысынан көрініс тапқанда мемлекеттік аппараттың жаңаша сипатта дамуына серпін береді.

Мемлекеттік сана – мемлекетшіл болу, ұлттық мүдделердің мәнін түсіну. Президент айтқандай, әрбір мем­ле­кет­тік қызметші мемлекетшіл болуы керек. Мемлекеттік сана деңгейіне көте­рілген адам үшін, мемлекет пен елдік мүдделер – қашанда алдыңғы орында. Бұл – тәуелсіздікті, аумақтық тұтас­тық­ты, жерді сақтау, табиғи ресурс­тарды, мәдени мұраны қорғау сынды іргелі құндылықтарды қабылдап, олармен біртұтас болуды білдіреді. Мем­ле­кетшіл, мемлекеттік сана деңгейінде ойлайтын тұлғалар халық алдындағы жауапкершілікті сезінеді, ұлттық мүдде­лер­ге сәйкес ойлайды және әрекет ете­ді, елдің бүгіні мен болашағы үшін қам жейді. Елдің қамын ойлау – нағыз мем­лекет­шіл тұлғаға тән басты сипат.

Халқымыздың тарихында елдің бола­ша­ғы үшін аянбай еңбек етіп, елге қыз­мет етудің тамаша үлгісіне айналған тұлғалар аз емес. Бұған көптеген мысал кел­тіруге болады. Мәселен, көрнекті Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деп өзінің жеке басынан ұлттық мүддені биік қойып, елдің қамы үшін еңбек етіп, шын мәніндегі мемлекетшіл тұлғаға ай­нал­ған.

Мемлекеттік қызметшілер Отанға қыз­мет ету мәдениетін дәйекті түрде иге­ріп, жүзеге асыруы қажет. Елге қыз­мет ету әркімнің өзіне жүктелген міндетті шынайы және адал орындауы­нан көрінеді. Мемлекеттік сана дең­ге­йіне көтерілу, ұлттық мүдделерді сақ­тау үшін тек білімді және құзыретті болу жеткіліксіз. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – білім­нен емес, мінезден» деген. Бұл жерде мінез деп адамның ішкі рухын, адам­дар­дың игілігі үшін елге қызмет етсем деген жүрек қалауын айтып отыр. Шәкә­рім айтқандай, халыққа еңбек қылу – адам­дық борышың.

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде «Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет деге­німіз – жеке бастың бақ-дәулетін арт­тыратын жер емес. Бұл – туған хал­қың­ның алдында айрықша жауап­кер­шілік арқалау деген сөз» дегенде осы адамдық борыштың өлшемі жайлы айтып отыр емес пе?

Мемлекеттік қызметшінің саналы жаңғыруына қажет басты ұстанымның бірі – әділдік. Әділдік – бұл адамға бағ­дар­ланған мемлекеттік басқару жүй­е­сін­дегі басымдық беріліп отырған негізгі қағида. Орта ғасыр ғұламасы Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» шығармасында мемлекетті басқаруға қажет төрт қағи­да­ны негіздеген. Соның ең басына әділетті қойған. Одан кейін дәулет, ақыл-парасат және қанағат. Әділдікті күнге теңеген. Бұл салыстырудың мәні: аспан жарығы барлығына бірдей, біркелкі, ешкімді алаламай нұрын төгетіні сияқты әділдік те күн тәрізді барлығына ортақ игілік.

Әділдіктің мәні – баршаға тең мүмкін­дік қалыптастыру. Хакім Абай әділетті – барша ізгіліктің анасына теңеп, ынсап пен ұяттың әділеттен шығатынын айтқан. «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса оның ұяты да жоқ» деп, әділдікті ар-ұяттың өлшемі ретінде қараған.

Қазақ даласындағы әділдіктің символы – билер институты. Билердің әділдігі туралы әңгімелер, мақал-мәтелдер, олар­дың мемлекеттік ауқымдағы және күнделікті мәселелер бойынша шешім қабылдаудағы даналығы жайында тарихтан көптеген мысал келтіруге болады. Олардың әділдігіне қатысты «Қара қылды қақ жарған» сөз тіркесі қалыптасқан. Бұл әділ шешім шығарудың аса күрделілігі мен нәзіктігін, би төре­лі­гін жүзеге асырудағы ерекшелікті біл­ді­реді. Бабаларымыздан «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мәтел қалған. Әділ би жоғары шын­дықтан басқа ешкімге артықшылық бер­мейді.

Әділдік қағидатын сақтау моральдық-адамгершілік таңдаумен, шындықты таба білумен, объективті қорытынды жасай алумен байланысты. Күнделікті өмірде әр адам іс-әрекет жасамас бұрын ойланып, өзі қалағандай ғана емес, сонымен бірге өзін басқаның орнына қоя білуі керек.

Әділеттілік өмірде ешкімге де бөле-жара артықшылық бермейтін баршаға ортақ заңдылық күшіне ие тәртіпке сай әрекет етуден, өзіңізге басқалар қа­лай қарым-қатынас жасағанын қала­ға­ныңыздай, басқа адамдармен солай қарым-қатынас жасаудан, басқа адамға жеке пайда табу құралы ретінде қарамаудан, жеке мүдделерге қайшы болса да, әділ шешімге кедергі жасамаудан көрініс табады. Әділетті қоғам құ­ру­дың негізгі факторларының бірі – мем­лекетте заңдар мен құқықтың үстем­ді­гін орнату.

Мемлекеттік қызметшінің саналы жаңғыруындағы басты ұстанымның бірі – ашықтық. Ашықтық – канцеляризмге, бюрократияға, сөзбұйдаға жол бермеу, кемшіліктер, олқылықтар орын алған жағдайда шынайы болу. Ашықтық халық пен мемлекеттік аппараттың арасындағы байланысты нығайтып, ауызбіршілікке жол ашады. Жұртшылық талабымен санасуды, маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде олардың пікірін еске­руді талап етеді. Ашықтықтан күті­летін нәтиже – қоғам тарапынан сенім­ге ие болу. Азаматтардың еркіндігі мен демократиялық ұстанымдар құрмет­те­летін қоғамда әртүрлі көзқарастар біл­ді­руге тыйым салынбайды. Сондықтан пікір алуандылығына ашық, шешім қабылдауда әділ болу басты ұстанымға айналуы қажет.

Мемлекеттік қызметші өз өкілет­тік­терін жүзеге асыру барысында аза­мат­тар­дың қажеттіліктерін танып, олардың үніне құлақ асуы керек. Қабыл­данатын шешімнің заңдылық, объективтілік ере­же­леріне және мемлекет мүдделеріне сәйкес келуін ескерген жөн.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ашықтық қа­ғи­да­тымен тығыз байланысты. Мем­ле­кет басшысы «Біз адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген негізгі қағиданы айқын ұстанамыз. Біздің қоғам «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымын үлкен үмітпен қабылдады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер әрбір азаматтың үмітін ақтауға және тілектерін ескеруге барынша күш салуға тиіс» деген сөзінде осы ашықтыққа үндейді.

Мемлекеттік қызметші үшін саналы жаңғырудағы тағы бір іргелі қағидат – мемлекеттік қызметке кіру кезінде беретін антқа адалдық. Ант ету – адамның жауапкершілікті ар-ұжда­нымен қабылдап алатын рухани-адам­гер­шілік санаттағы салтанатты шара. Ол адамның ар-ұждан бақылауын іске қосып, өз міндетін саналы түрде түсінуді және айтылған сөздері мен жасайтын әрекеттері үшін моральдық жауапкершілікті қабылдауды білдіреді.

Адамзат тарихында антты бұзу, ант­тан аттау әрқашан айыпталып, мұн­дай әрекет адамның ар-намысы мен беделіне ойсырата зиян келтіріп отырған. Антты бұзу ел алдында айыпталумен қатар, сенім мен құрметтен жұрдай етеді. Антты қастерлеу, оған ерекше мән беру – халқымыздың болмысына тән қасиет. Халқымызда ант сөзіне қатысты «серт беру», «уәде», «серттесу» ұғымдары бар. Қазақ дала­сы­ның салт-дәстүрлерін зерттеуші ға­лым­дар елімізде тағдырлы шешімдер қабылданғанда уағдаластықтарды сөз беру, уәделесу арқылы бекітетін ерекше дәстүрдің болғанын алға тартады. Бұл біздің қашанда антына адал халық болғанымызды білдіреді.

Антқа, берілген уәдеге адалдықты сақтай білу – өнегелі адамға, шын ерге тән қасиет. Анттан аттап кеткен адам­дарға жұртшылықтың көңілі суып, олар жағымсыз кейіпке ұшырап отырған. Абайдың тілімен айтқанда «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын», яғни сө­зін­де тұра алмайтын, уәделерін орын­дай алмайтын адам өз ар-ұжданын, жанын, адамдық қадір-қасиетін түкке тұр­ғы­сыз күйге түсіреді. Бұл оның адам­дық мәнінің жоғалуына әкеледі.

Антқа адалдық «адамға бағдарланған» мемлекеттік басқару моделіндегі мемле­кет­тік қызметшілердің негізгі әдеп қағи­да­ларының бірі – адалдық ұғымына ете­не жақын түсінік. Адалдық жария түрде айтылатын құндылықтық көз­қа­растардың іс жүзінде, шын мәнінде, жү­зе­ге асырылуын білдіреді. Адал адам – бұл арлы адам.

Ата-бабаларымыз ар-абыройды баға жетпес құндылыққа балаған. Хакім Абай «Пайда ойлама, ар ойла» деп адам үшін ар-ұжданның бәрінен қымбат, бәрінен биік екенін айтып өткен. Ойшылдың осы сөзін әрбір мемлекеттік қызметші көкейіне құйып, өмірлік ұстанымына айналдыруға тиіс. Әр қызметші өз бо­йында жасаған іс-әрекеті үшін жауапты болуды жоғары мәдениет ретінде орнықтыруы керек.

Мемлекеттік қызметші жоғарыда айтыл­ғандарды ескеріп, саналы өзгеріске бет бұрса, оның тұлғалық болмысының да уақыт талабына сай жаңа сипатта жаңғырары анық.

Түйіндей келе айтарым, саналы өзге­ріс үшін біз бір нәрсені жақсы түсінуіміз керек. Ол – мемлекеттік қызметшілердің жоғары құндылықтарды ұстануы жазадан, сыннан немесе бақылаудан қо­рық­қандықтан емес, өзінің ішкі ерік-жі­герімен, ниет қалауымен орындал­уы. Сонда ғана саналы өзгеріс іс жүзінде орын алмақ. Ал саналы өзге­ріс – мем­ле­кеттік қызметті сапалы жаңғыр­ту­дың негізі болмақ. Ең бастысы, бұл біздің жұмыс тәсіліміздің түбегейлі өзгеруіне жол ашады.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

 

⏩Мақаланың толық нұсқасы: https://egemen.kz/article/342201-memlekettik-qyzmet-dganha-kezenhdegi-manhyzdy-mindet 

13 июля 2022
2022 жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жақсартулар өндіріске жіберілді:

- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 13-тарауына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген) сәйкес «Рейтингтік-баллдық жүйе бойынша конкурс» сатып алудың жаңа әдісін енгізу туралы № 648) (бұдан әрі – Ереже).

Толығырақ ақпаратты сілтемедегі Тұтынушы нұсқауларынан, сілтемедегі Ұйымдастырушының нұсқауларынан, сілтемедегі Жеткізушінің нұсқауларынан табуға болады.

         - жоспар тармағында жұмыс белгісін таңдауды жүзеге асыру бөлігінде «Ашық конкурс» әдісін өзгерту бөлігінде, қатысуға өтінімге жұмыс тәжірибесін қосу кезінде ТЖК белгілеу бөлігінде ақпаратты қосуға рұқсат етіледі. «Расталған» күйінде.

Толығырақ ақпаратты сілтемедегі Тұтынушы нұсқауларынан, сілтемедегі Ұйымдастырушының нұсқауларынан, сілтемедегі Жеткізушінің нұсқауларынан табуға болады.

         - қағидалардың 5-тарауына сәйкес жеткізушінің техникалық ерекшелікті толтыру нысанын өзгерту бөлігінде.

Толығырақ ақпаратты Ұйымдастырушының сілтемедегі нұсқауларынан, сілтемедегі Жеткізушінің нұсқауларынан табуға болады.

13 июля 2022
2022 жылғы 7 шілдеде мемлекеттік сатып алу веб-порталында келесі жақсартулар енгізілді:

    - жеткізушінің өтініші және тапсырыс берушінің қайтаруды растауы бойынша орындалған шарттық міндеттемелерге пропорционалды электрондық әмияннан төленген авансты орындауды қамтамасыз ету сомасын автоматты түрде ашу. Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша Тапсырыс берушінің нұсқаулығында, сілтеме бойынша жеткізушінің нұсқауларынан білуге ​​болады;

     - жеткізушінің өтініші және тапсырыс берушінің растауы бойынша шарттың сомасы азайтылған сомаға пропорционалды азайған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін автоматты түрде шығару. қайтару. Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша Тапсырыс берушінің нұсқаулығында, сілтеме бойынша жеткізушінің нұсқауларынан білуге ​​болады;

     - шартты орындау үшін енгізілген қамтамасыз етуді шартты орындауды қамтамасыз етудің бір түрінен басқа түріне ауыстыру. Толық ақпаратты жеткізушінің сілтемедегі нұсқауларынан табуға болады;

      - шартты орындау үшін депозитке салынған қамтамасыз етуді бір банк екінші банкке берген электрондық банк кепілдігі түріндегі ауыстыру. Толық ақпаратты жеткізушінің сілтемедегі нұсқауларынан табуға болады;

        Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тек бір нысанда енгізу бөлігінде көпжылдық шарттар бойынша тексеру (бір көпжылдық шарт үшін шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір ғана түрі қарастырылған). Толық ақпаратты жеткізушінің сілтемедегі нұсқауларынан табуға болады.

13 июля 2022
Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына енгізілген функционал

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №601 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес, 2022 жылғы 11 шілдеде мемлекеттік сатып алу веб-порталында келесі функциялар енгізілді:

        - уәкiлеттi органның (Қазынашылық комитетiнiң) келiсу комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнен шығару туралы шешiмiн автоматты режимде веб-портал арқылы жеке тұлғаға хабарлама жiберу арқылы қабылдау. әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы есебі;

        - бұйрықтың бекітілген нысанындағы келісу комиссиясының шешімі негізінде уәкілетті органның (Қазынашылық комитетінің) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешімін қабылдау.

29 июня 2022
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 570 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 9 маусымдағы № 28417 тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.

Мемлекеттік сатып алу туралы қағидаларының

НОВЕЛЛАЛАРЫ

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 570 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 9 маусымдағы № 28417 тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрықтың мәтіні және Салыстырмалы кестесі сатып алу веб-порталының басты бетінде орналасқан.

Негізгі новеллалары:

Біріншісі, құны мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана «СТ-KZ» тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну жөніндегі талапты белгілеу.

Екіншісі, әлеуетті өнім берушінің электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау тәртібін қайта қарау.

Үшіншісі, Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шартта тараптардың қосымша құқықтары мен міндеттерін белгілеу.

Төртіншісі, «жергілікті қамту» терминінің «ел ішіндегі құндылық» терминіне ребрендингі және ел ішіндегі құндылық туралы есептің өзгеруі.

Бесінші, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері қайта қарау:

- конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау үшін критерийлерін қайта қарау;

- конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау рәсімін енгізу;

- конкурс сомасының 10% мөлшерінде демпингтік бағаның шекті мәнін белгілеу.

20 июня 2022
2022 жылғы 1 шілдеден бастап Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекітуге қатысты Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.

Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мынадай санаты кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.

Осыған байланысты, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген тауарлар санатының техникалық ерекшелігі электрондық каталогтан қалыптасатынын ескере отырып, 2022 жылғы 15 маусымнан бастап 2022 жылғы 10 шілдеге дейін OMarket электрондық дүкенінде тауарлардың жаңа түрін қосу бойынша функционал тоқтатыла тұрады.

Электрондық дүкенді тауарлардың электрондық каталогымен (e-catalog.gov.kz) интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін тауарлардың жаңа түрін қосу қайта басталатынын қосымша хабарлаймыз.

16 июня 2022
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалауды сатып алу (пилоттық жобасы)»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі N 320 бұйрығымен 2022 жылғы 13 маусымнан бастап веб-порталда «Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалауды (пилоттық) сатып алу» белгісімен «Ашық конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру функционалдығы енгізілді, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларында техникалық жағынан күрделі емес, құрылысы үлгі жобаларға, үлгілік жобалық шешімдерге және қайта пайдалану жобаларына негізделуі көзделген объектілер құрылысының пилоттық жобаларын іске асыру (іске асыру).

Бұл функционал Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында пилоттық жобаларды жүзеге асыру үшін қарастырылған.

 

16 июня 2022
Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар үшін тауарлардың электрондық каталогы 1 шілдеден бастап қолданыла бастайды

2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекітуге қатысты Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.

Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мына санаттары кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.

Осылайша, осы тізбеге енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша электрондық каталогтан қалыптастырылатын болады (3-қосымша).

Осыған байланысты, аталған санаттар бойынша тауарларды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап өз тауарларын Тауарлардың электрондық каталогына алдын ала тіркеуі қажет.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ электрондық каталогты құрудың және оның жұмыс істеуінің үйлестірушісі болып табылады.

Сонымен қатар, электрондық каталогта әрбір тауарға бірегей код – KZTIN беріледі, оның көмегімен тауар мемлекеттік сатып алу процесінде сәйкестендіріледі, сондай-ақ техникалық ерекшелік автоматты түрде қалыптастырылады.

Бұл ретте, тауарларды тіркеу, код беру және өзге де функциялар барлық пайдаланушыларға өтеусіз негізде ұсынылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті дамыту және бағаларға талдау жүргізу мақсатында іске асырылды.

Оған қосымша, электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлардың санаттарын кеңейту және басқа салаларда қолдану жоспарланғанын атап өтеміз.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы