Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқарма (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2023 жылғы 21 тамыздагы №1612/2-ө бұйрығы негізінде Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылғы 1-31 аралығында жүргізілді.
Ішкі талдау басқарманың 2022 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 1 тамызға дейінгі жұмыс кезеңін қамтыды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.
Бұл жұмыс тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Гиззат, жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы О.Елемес және тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А.Жаркынбековамен, келесі бағыттар бойынша жұмыс тобының құрамында жүргізілді:
1) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бірінші бағыт бойынша: «Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау».
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексімен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі мәтін бойынша - Заң), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен..
Жүргізілген талдау барысында құқықтық актілерде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Тәуекел 1. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамаларында конкурстық баға ұсынысына әсер ететін теріс мән өлшемшарттарының дұрыс емес көрсеткіштерін көрсету.
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 289-5 тармағына сәйкес ағымдағы жылы жасалған әрбір шарт үшін әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктің жалпы сомасының 0,1 пайызын төмендету түрінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін теріс мән критерийі енгізілді. Бұл критерий веб-порталмен автоматты түрде есептеледі. Бірақ, есептеу механизмі жоқ. Бүгінгі күні шарттар бойынша нақты деректердің осы өлшемшартты автоматты есептеу нәтижелерімен сәйкес келмеу фактілері бар.
Ұсынымдар: уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуында әлеуетті өнім берушіде болуы үшін мемлекеттік сатып алу қорытындыларының хаттамаларында теріс мәнді есептеудің нақты регламентін әзірлеу туралы ұсыныс енгізілсін.
Тәуекел 2. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалану тәсілімен конкурстар бойынша қорытындыларды шығару кезінде жұмыс тәжірибесі үшін шартты жеңілдікті қолдану кезінде қандай тәжірибе ескерілгені туралы мәліметтер көрсетілмеген.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі қолданылады рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс сатып алу қорытындылары автоматты түрде шығарылады. Шартты жеңілдікті есептеу кезінде жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтер электрондық депозитарийден жүктеледі. Кейбір фактілерге сәйкес электрондық депозитарийден қабылданған мәліметтер ҚР Заңында белгіленген шынайылық талаптарына (ғимараттың, құрылыстың жауапкершілік деңгейі, объектінің техникалық күрделілігі, функционалдық мақсаты және т.б.) сәйкес келмеуі мүмкін.
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 91-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын: Тапсырыс беруші (қайта ұйымдастырылған жағдайда – Тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры) және (немесе) меншік иесі); сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орган растайды, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы не құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган.
Ұсынымдар: уәкілетті органға өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін жауапкершілікті белгілеу туралы ұсыныс енгізу.
Екінші бағыт бойынша: "Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін Басқарманың штат саны 10 мемлекеттік қызметшіні құрайды, оның ішінде 01.01.2023 ж. вакансия жоқ.
Ішкі талдау өткізген мерзімде, яғни 2022 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 1 тамызға дейін Басқарманың штат саны 10 мемлекеттік қызметшіні құрайды, факт бойынша 10 маман жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда, Басқармаға 2023 жылдың басынан бастап сатып алулардың көбеюіне байланысты штат санының жетіспеушілігі проблемасы туындап отыр. Конкурс және аукцион тәсілдерімен өткізілетін барлық сатып алуды сатып алу нысанасына және лоттың құнына қарамастан облыстың, қаланың немесе ауданның ведомстволық бағыныстылығына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушыларды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.
Бекітілген тәсіл бірыңғай ұйымдастырушыларды толық көлемде жұмылдырады және өткізілетін мемлекеттік сатып алу сапасын арттыруға ықпал етуге бағытталған.
Атап айтқанда, Басқармамен 2022 жылы 329 лот бойынша конкурстар ұйымдастырылып өткізілді.
Қазіргі күнге, Басқармамен жыл басынан 1930 лот конкурстар жарияланды (2022 жылдың қыркүйек айына 290 лот - былтырғы жылмен салыстырғанда 7 есе артық конкурстар жарияланған).
Басқармада штаттық кестеге сәйкес 10 мемлекеттік қызметші қызмет етуде, оның 1 бірлігіне бухгалтерлік міндеттер, 1 бірлігіне кеңсе, мұрағат жүргізу және кадр қызметі жүктелген, қалған 8 тікелей мемлекеттік сатып алудың конкурстарын ұйымдастырады (басқарма басшысын қоса алғанда, оның ішінде 1 бас маманға қосымша заңгердің міндеттері жүктелген).
2023 жылы жүктеменің көбеюі жарияланған конкурстарды сапалы және уақтылы ұйымдастыруға кері әсерін тигізетіні анық.
Конкурсты белгіленген мерзімінен кешіктіріп қарағаны және басқа да бұзушылықтар жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207 бабымен 30 – 100 АЕК әкімшілік айыппұл салу қарастырылған.
2023 жылдың басынан бастап жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік сатып алу порталы тапсырыс берушілерге конкурстарды жариялау мүміндігін алып, тек бірыңғай ұйымдастырушымен конкурстарды жариялау функциясын қарастыруына байланысты барлық конкурстар бірыңғай ұйымдастырушымен жариялануда.
Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алудың сапалы орталықтандырылуын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың штаттық санын 4 адамға көбейту қажет.
Басқармада талданған кезеңде кадрларды іріктеу кезінде бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жоқ.
Басқарманың тәртіптік комиссиясының өкілеттігі 2021 жылдан бастап Жамбыл әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясына өткен.
Бұл ретте басқарма басшысы өзінің бұйрығымен «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес қызметкерден түсіндірме жаза талап етіп, мән-жайлар анықталғаннан кейін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдануға өкілеттігі бар. Талданатын кезеңде тәртіптік жаза жоқ.
Басқарма қызметкерлерінің ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сондай-ақ өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын бұзушылықтары тіркелмеген.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жазалар қолданылмады.
Мемлекеттік қызметшілер басқармаға кірген кезде «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда көрсетілген шектеулермен таныстырылды.
Талданатын кезеңде сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқық бұзушылықтар және Мемлекеттік қызметке кір келтіретін бұзушылықтар бойынша есепте тұрған басқарма қызметкерлері жоқ.
Ұсынымдар: Жамбыл облысының әкіміне басқарманың штат санының лимитін 4 бірлікке артуы жөнінде ұсыныстар енгізілсін.
Сонымен бірге, Басқарма қызметкерлерінің 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын сақтауы.
Сатып алуды ұйымдастыру кезінде мүдделер қақтығысының ықтималдығы мемлекеттік сатып алу веб-порталымен автоматты түрде тексеріледі.
Әлеуетті өнім берушілермен сатып алуға қатысу кезінде веб-портал қажетті мәліметтерді алу үшін келесі ұйымдарға сұрау жібереді:
а) Әлеуетті өнім беруші жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің басшысының құқықтық іс-әрекетке қабылеттілігі туралы деректерді алуға «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорына;
б) Әлеуетті өнім берушінің (басшы мен өтінімді құрушының) жақын туыстары, жұбайлары туралы деректерді алуға «ЖТ» МДҚ-ға;
в) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғалары туралы деректерді алуға «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына сауал жолдайды.
Жүйе сұратқан мәліметтер туралы ақпарат құжаттарды қоса тіркеу қадамында көрсетіледі. Жіберілген сауалға «Өңдеуге жіберілді» мәртебесі беріледі.
Сауалды өңдеу 5-10 минут ішінде жүзеге асырылады. Мәлімет таңдалған хабарландырудың өтінімдерін қабылдау аяқталғанға дейін жарамды.
Сауал өңделгеннен кейін, сауал мәртебесі сәтті өңделген жағдайда «Өңделді» деп өзгереді, жүйе жауапты алу күні мен уақытын тіркейді.
Мәліметтерді алу процесінде қателік туындаған жағдайда, сауалдың мәртебесі «Қате» деп өзгертіледі, Жүйе «ЖТ» МДҚ/»ЗТ» МДҚ-ға қайтадан сауал жібереді.
Бұдан әрі қадамға өткен кезде құжаттарды қоса тіркеу нысанында Жүйе сауал мәртебесін тексеруді жүзеге асырады. Жүйе мәлімет өңделмесе немесе жауап қатемен келсе, одан арғы қадамға өтуге мүмкіндік бермейді.
Сауал мәртебесі «Өңделді» болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өтуге мүмкіндік береді және «Өтінімді алдын ала қарау» қадамында «Өтінім беру» батырмасын басқан кезде тексеруді жүзеге асырады:
Осы сатып алуға қатысуға өтінім берген басқа өнім берушілермен әлеуетті өнім берушінің үлестестігі болған жағдайда, Жүйе өтінім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді:
- егер сатып алуға қатысушылар арасында әлеуетті өнім берушінің құрылтайшылары болатын болса, әлеуетті өнім беруші құрылтайшысының БСН өзге де сатып алуға қатысушыларың БСН-на тең болмаған жағдайда;
- егер әлеуетті өнім беруші қандай да болмасын қатысушының құрылтайшысы болса. Әлеуетті өнім берушінің БСН басқа да сатып алуға қатысушы құрылтайшылардың БСН-на тең болмаған жағдайда;
- егер әлеуетті өнім беруші мен басқа да қатысушыларда бірдей құрылтайшы болса. Әлеуетті өнім беруші құрылтайшысының БСН басқа да сатып алуға қатысушы құрылтайшылардың БСН-на тең болмаған жағдайда;
- егер әлеуетті өнім берушінің басшысы басқа қатысушының басшысы, не құрылтайшысы болып табылған жағдайда;
- егер құрылтайшы (жеке тұлға) басқа қатысушылардың басшысы немесе құрылтайшысы болған жағдайда өтінім ұсынуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Жоғарыда айтылғанға байланысты, мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде мүдделер қақтығысының ықтималдығы жоққа шығарылады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасында рұқсат беру функциялары жоқ.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басқару туралы Ережеге сәйкес бақылау және қадағалау функциялары жоқ.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу ҚР нормативтік құқықтық актілерін сақтай отырып жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау ҚР нормативтік құқықтық актілерін сақтай отырып жүргізіледі.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басқару туралы Ережеге сәйкес ақпараттық жүйелерді әзірлеу функциялары жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Талданып отырған кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 120 өтініш келіп түсті, оның ішінде "ұсыныстар" санаты бойынша - 12 өтініш, "өтініштер" - 80, "шағымдар" - 9, "Басқалар" - 19 (сұрау салулар, жауаптар, хабарламалар), 37 өтініш басқа мемлекеттік органға жіберілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Барлық өтініштер мерзімдерін бұзбай уақтылы қаралды, жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсынымдар: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау және оларды «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне енгізу бөлігінде ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар.
Басқарманың жауапты тұлғалары басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бойынша тұрақты негізде мақсатты жұмыс жүргізеді.
Басқарманың 2022 жылғы 12 шілдедегі № 182 Бұйрығымен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты бекітілді.
Басқарма басшысының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефоны туралы ақпарат стендте орналастырылған және ресми БАҚ-та жарияланады.
Қоғамдық жерде орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар үшін» жәшігі тұрақты негізде жұмыс істейді.
Басқармада «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі», «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы» атты ақпараттық стендтер орналастырылған.
Басқарма қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, семинарлар мен кеңестерге, конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысады.
Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілерінің жасалуына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ұсынымдар:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын қызметкерлерге құқықтық түсіндіру жүргізу жұмыстарын 2023-2024 жылдарға ұйымдастырып жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейтуге;
2) Мемлекеттік қызметшілер этикасын қатаң сақтауға және мемлекеттік қызметке кері әсерін тигізетін әрекеттердің алдын алуға;
3) Басқарманың мемлекеттік қызметшілері бойынша БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жағымсыз жарияланымдардың мониторингін жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беру қажеттігі.
Жалпы ұсыныстар:
|
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы
|
Н.Гиззат |
|
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы
|
О.Елемес |
|
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
|
А.Жаркынбекова |