GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 февраля 2024
«Даму» Қоры ШОБ қолдауға өтінім қабылдауды бастайды!

«Даму» Қоры ШОБ қолдауға өтінім қабылдауды бастайды!

 

2024 жылғы 5 ақпаннан бастап «Даму» Қоры жаңартылған «Бірыңғай кешенді бағдарламаны» жүзеге асыра бастайды. Бағдарлама ШОБ-қа мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсетіп, экономиканың түрлі салаларындағы бәсекеге қабілетті әрі импорттың орнын басатын отандық жобаларды дамыту үшін бекітілді.

Кешенді қолдау шаралары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бұрынғы бағдарламаларды жетілдірді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді.

  • «Микрокәсіпкерлік»;
  • «Шағын және орта кәсіпкерлік»:
  • «Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік»;
  • «Моно- және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік»;
  • «Әлеуметтік кәсіпкерлік»;
  • Биржа арқылы.

Бағдарама аясында негізінен өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу және жоғары технологиялық қызметтегі жобалардың несие мөлшерлемесін субсидиялауға басымдық беріліп, сараланған әдіс пайдаланылады. Мұндай жобалар бойынша алғашқы 3 жыл ішінде кәсіпкер несиесін 8%-бен, төртінші жылдан бастап 9%-бен, бесінші жылдан бастап 10%-бен төлейді.

Сонымен қатар, Бағдарлама қор нарығын дамытуды көздейді. Мәселен, облигациялар шығарылымының бір эмитентке деген жиынтық номинал құны 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, кәсіпкер үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 6% түпкілікті мөлшерлеме белгіленді.

Сондай-ақ, Қор қаржылық қолдау шараларын кеңейтіп, субсидия құралынан кепілдік беру құралына қарай кезең-кезеңімен көшуге ниетті. Бұл жаңалық несиеге кепілдік беру аясын кеңейтеді. Қазір кепілдік берілетін несие сомасы 1 млрд теңгеден 3,5 млрд теңгеге дейін көтеріліп, кепілдік мөлшері несие сомасының 50% болды.

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты да міндеттемелер енгізілді. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды іріктеу үшін міндетті нақты критерийлер белгіленді. Мысалы, мемлекеттен қолдау алған кәсіпкер еңбекақы төлеу қоры мен салық аударымдарын арттыру керек.

Даму» Қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қоңырау шалуға болады) немесе Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын ауданы, 14Б, 1 қабатта орналасқан мекен-жайы бойынша хабарласуыңызға болады.

20 мая 2023
Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды

Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды.
Яғни,осыған дейін дизель отынын қолданатын шаруалардан жанар-жағар майға қажеттілік туралы өтінім қағаз жүзінде жиналса, ағымдағы жылы электронды түрде алынатын болады,-деп хабарлайды Nagty.kz желілік басылымы.
Жаңа функционал субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялауының арқасында жүзеге асырылды.
Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы автоматтандырылған процесс "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ деректері негізінде алқаптар картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін аgroopen.kz порталында көрсетіліп отырылады.
Сонымен қатар, Gosagro.kz-те субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды бұғаттау функционалы іске асырылған.
Яғни,бұрын бір субъектінің бір маусымда бірнеше рет субсидияланып кету мүмкін болса,жаңа жүйеде бұл мүмкіндік мүлде алынып тасталды. Қазірдің өзінде ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер ЖЖМ-ға пилоттық режимде өтінім бере алады өтінім беруші алдымен Gosagro.kz сайтына кіріп,тіркелу қажет.
Шаруашылық жайлы барлық ақпарат көрсеткенен кейін портал өзі автоматты түрде кәсіпорынға қаншама дизель отыны керек екенін көрсетіп өтінім береді.
Өтінімдер 2023 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Айта кетейік,биыл ауданымызға ақпан мен мамыр айларының аралығына 202 теңгеден 680 тонна дизель отыны бөлінген болатын.

20 мая 2023
«Ашық бюджет»

«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ жыл сайын «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша «Ашық бюджет» операциялық бағалау өлшемі, орталық уәкілетті органмен мемлекеттік органның қызметі тиімділігінің операциялық бағалау нәтижелері жүргізілетінінін ескере отырып, Жамбыл ауданы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетін қалыптастыру мақсатында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын көпшілік талқылауына «Ашық Үкімет» порталында, Жамбыл ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланғанын хабарлайды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zhambyl/documents/details/469473?lang=kk

20 мая 2023
Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен өрт жағдайы күрделене түседі

Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен өрт жағдайы күрделене түседі. Әдетте, осы кезеңде құрғақ шөпті, қоқысты рұқсатсыз жағу салдарынан, көбінесе орман өрттері пайда болады.

Осы кезеңде ашық отты жағуға және қоқысты өртеуге, сондай-ақ кез келген өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

Өткен жылы құрғақ шөпті жағу жер үшін пайдалы, оны күлмен ұрықтандырады деген жалған пікір бар, сондықтан көптеген азаматтар арнайы шөп шабуды ұйымдастырады.

Шын мәнінде, мұның пайдасы жоқ: шөпті жағу кезінде көптеген пайдалы микроорганизмдер өледі, ал құрғақ шөпте көрінбейтін жас шөп өліп кетуі мүмкін, сонымен қатар құрғақ шөпте өрт сіздің сайтыңыздағы ғимараттарға оңай жетеді. Орман өрттері жанып жатқан шөптен басталады: ағаштар, жануарлар өледі, құстардың ұялары күйіп кетеді.

Ешбір жағдайда жол бермеңіз:

- құрғақ шөп жағуды;

- қоқысты бақылаусыз жағу;

- темекі шегу кезінде абай болыңыз: сөндірілмеген темекі шегу немесе сіріңке құрғақ шөптің жануына оңай әкеледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы