GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
Білім
05 октября 2026
Құрметті ұстаздар! Қадірменді оқу-ағарту саласының ардагерлері!

Құрметті ұстаздар! Қадірменді оқу-ағарту саласының ардагерлері!

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ісімен де, жайдары жүзімен де ұстаз есімі қашанда шәкіртінің жүрегінде мәңгі сақталады. Жалпы ұстаздар қауымы жайында халқымыздың хас батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты ары қарай тәрбиелеп, білім беретін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі бар.

Ұстаздың адамзат өміріндегі алатын орны туралы Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздан бастап, одан берідегі Алаш арыстарының айтып, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырған даналық сөздері аз емес. Міне, осындай ұстаз даналығын бойына сіңіріп өскен ұрпақ та жаман болмауға тиісті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейтін халық даналығына сүйенер болсақ, сол ұрпақты саналы да сапалы етіп тәрбиелеп, білім беретін адам – ұстаз. Сондықтан ұстазға қаншалықты құрмет жасасақ та артық етпейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында, - деп атап өтті.

Білім бөліміне қарасты жалпы 47 мекеме, оның ішінде 26 мектеп, 9 қосымша білім беру ұйымдары, 11 балабақша және 1 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті жұмыс жасайды. Аудан бойынша барлығы – 1734 педагог бар. Мектептерде-1296, қосымша білім беру-233, арнайы мекеме-14, бөбейжай -бақшаларында-191 педагог қызмет етуде. Педагогтердің 72,3 пайызы біліктілік санатына ие. Олардың қатарында 3 педагог- шебер, 317 педагог- зерттеуші, 402 педагог- сарапшы және 533 педагог -модератор еңбек етіп, білім беру сапасын арттыруға сүбелі үлес қосуда.

Құрметті ұстаздар!

Қандай кезең болса да мемлелкет үшін де, қоғам үшін де ұстаз қашанда ұстаз болып қала береді. Сіздердің балаларға берген тәлімі мол тәрбиелеріңіз əр оқушының жан дүниесін ерекше нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл сөздердің барлығы мектеп мұғалімі, ұстаздарға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі өте көп. Қоңыр күздің жайма-шуақ күнінде ұстаздардың мерейлі мерекесінде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін. Қазіргі жаңа заманға сай​ алғыр да дарынды шәкірт тәрбиелей берулеріңізге шын жүректен тілектеспін!

Фото/Бейнематериалдар
24 сентября 2026
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

Фото/Бейнематериалдар
Мәдениет
17 сентября 2026
КІТАППЕН КӨРКЕЙГЕН КЕЛЕШЕК

 

🔰Кітап - адам жанының рухани азығы. Кітаппен бірге сусындап, өткенге тағзым болашаққа жарқын көзқараспен қарауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында: - Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек, - деген болатын. Бүгінде ауданымызда кітап оқитын жастардың қатары көбейіп келеді. Еліміз бойынша жүзеге асып отырған "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында бүгін М.Әуезов атындағы мектеп - гимназиясында "Кітаппен көркейген келешек " атты оқу марафоны болып өтті. Алдымен келушілер мектеп алаңындағы кітап көрмелерімен танысты. Көрмеде балалар шығармашылығы, қазақ әдебиеті мен түрлі қызықты кітаптар қойылған. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аталмыш жобаның аудандағы барлық мектепте жүзеге асатынын жеткізіп, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

🔰Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов та ізгі тілегін жолдап аудандағы мектептерде кітап қорының мол екенін тілге тиек етті. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп өнерпаздары кітап туралы көрінісі көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, әннен шашу шашылып, балалар - өнер мектебінің оқушыларының оркестрі күй орындады.

Фото/Бейнематериалдар
Спорт
17 сентября 2026
ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

🔰Ауданымызда салауатты өмір салтын ұстанып жүрген отбасылар баршылық. Олар спортпен айналысып қоймай, ұлт саулығына үлес қосып, спортты насихаттауда. Отбасы күніне орай, бүгін Спорт кешенінде Сарысу ауданында отбасылық эстафета спорттық іс-шарасы өтті. Сайысқа 5 отбасы қатысып, спорттық сайыстарда өзара бақ сынасты.

🔰Шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасылық құндылықтарды нығайтуда бұқаралық спорттың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аудандағы үлгілі отбасылардың қоғамның маңызды бөлігі екенін алға тартты. Мұнан соң, облыстық Анаға тағзым орталығының директоры Дамира Сүгірбай да сөз сөйлеп, мұндай шараның тәрбиелік мәні зор екенін айтты.

🔰Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Эстафета барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото/Бейнематериалдар
Өнеркәсіп және кәсіпкерлік
17 сентября 2026
АУДАН ӘКІМІ «ҚАЗАҚСОДА» ЗАУЫТЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов «Қазақсода» ЖШС-не барып, кәсіпорында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Зауыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын компанияның өндіру жөніндегі директоры Юсуф Джейлан таныстырып, өндірістік нысандардың қазіргі жай-күйі, құрылыс кезеңдері және алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді.

🔰Аралау барысында өндіріс нысандарын дамыту, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау және жобаның аудан экономикасына тигізер ықпалы жөнінде мәселелер сөз болды. Аталған жоба жаңа өндірістік қуаттарды іске қосып, өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Білім
01 сентября 2026
МЕКТЕП - ҮЛКЕН ӨМІРДІҢ БАСПАЛДАҒЫ

 🔰Мектеп - баланың үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын алтын ұя кез - келген арманы биік оқушы үшін ыстық көрінетіні анық. Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жанғозы Жаркенов Д.Қонаев атындағы мектебінде болып, барлық ата- аналарды, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Шара барысында Жанғозы Өмірғалиұлы жас ұландардың ойы озық, оқуда алғыр болуына тілектестігін білдіріп, саналарына білім нәрін себелей беріңдер деген ізгі тілегін жолдады

🔰Аталмыш білім ордасында алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар шад - шадыман күйге бөленді. Салтанатты кеш мектеп өнерпаздарының ән шашуына ұласып, мектеп өнерпаздары әннен шашу шашты. Сонымен қатар, мектептің жанынан Прокурор сыныбы ашылды. Бұл өз кезегінде мектептің ішкі тәртібін сақтауға ықпалын тигізері сөзсіз. Айта кетейік, жаңа оқу жылына - 8700 - ден аса оқушы білім алады. 1-ші сыныпқа қабылдауға 900 оқушы өтініш қабылданды. Жалпы білім беру нысандарында - 1734 педагог қызмет етуде.

Фото/Бейнематериалдар
Мемлекеттік қызметтер
Ішкі саясат
31 августа 2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Бектенов Олжас Абаевич назначен Премьер-Министром Республики Казахстан.

Сайлау
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер
Ішкі саясат
31 августа 2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Карин Ерлан Тынымбайулы назначен Вице-Президентом Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности.

Ауыл шаруашылығы
31 августа 2026
АУДАН ӘКІМІ СӘКЕН МАМЫТОВ ТАЛАС ӨЗЕНІНІҢ АРНАЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

 

🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов жұмыс сапары барысында Талас өзенінің бойын аралап, өзен суын аудан аумағына тиімді жеткізу және су арналарының тазалығын қамтамасыз ету мәселелерін зерделеді.

🔰Жұмыс барысында өзен суының аудан аумағына үздіксіз әрі тиімді жеткізілуі, каналдар мен су арналарының жағдайы, сондай-ақ оларды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарының барысы қаралды. Арналарды бақылаған аудан басшысы жауапты мамандарға су арналарының тазалығын қамтамасыз етіп, анықталған мәселелерді жедел шешу, су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында тиісті тапсырмалар берді.

Білім
31 августа 2026
ПЕДАГОГТАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 🔰Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауықымды әрі маңызды жиын. Халық «Келісіп пішкен тон, келте болмас» - дейді. Тамыз кеңесі алдағы жоспарларды, атқаратын міндеттерді келісіп алуға мүмкіндік береді. Бүгін аудандық тамыз конференциясы өтті. Шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Лэд экранда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі — Жұлдыз Сүлейменованың білім саласы қызметкерлеріне арналған арнайы бейне құттықтауы қойылды.

🔰Конференцияға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылында жетістерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов өткен оқу жылының қорытындысы және алдағы атқарылатын міндеттер бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Алматы қаласы, Алмалы ауаны, №96 ЖББМ КММ директоры Райгүл Жұмағалиева "Жасанды интеллект " тақырыбында лекция оқыса, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы педагог кадрлармен жұмыс жүргізу және әкімішілік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Нұрлан Қорғанбай конференцияның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Тәрбие жұмысын жүйелеу – нәтижелі мектептің негізі» тақырыбында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №96 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жібек Жарболова жан - жақты тоқталды. «Жасанды интеллект – мұғалімнің цифрлық ассистенті» тақырыбында Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің педагогі Нұрсәуле Орымбекова да баяндама жасады.

🔰Жиында қорытынды сөз сөйлеген аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы білімі терең, ойлы, еңбекқор және отаншыл ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті екендігін, сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктелетіндігін айтып, алдағы уақытта аудандағы білім беруді одан әрі жетілдіру үшін аудандық білім бөліміне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұлағатты ұстаздарға сәттілік тіледі. Білім беру жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ ұлағатты ұстаздар ҚР оқу-ағарту Министрлігінің төсбелгісімен және "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, ҚР оқу - ағарту Министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, Сарысу ауданы әкімінің, аудандық білім бөлімінің, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Конференция концерттік бағдарламаға ұласып, эстрада жұлдыздарынан құралған "Жігер" тобы әннен шашу шашты. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің әншілері де әуелете ән шырқады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы