Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
кеңейтілген комиссия отырысы өтті
Жамбыл политехникалық колледжінің оқу залында 29 қыркүйек сағат 11.00-де 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін талқылау мақсатында, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысын Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушалырды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық сайлау комиссияларының мүшелері баяндама жасады.
Жиын соңын комиссия төрағасы С.Айдапкелов қорытындылай келе, аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде сайлау заңнамасы нормаларын бұлжытпай орындауды қатаң тапсырды.
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы