⏰ АУДАН ӘКІМІНІҢ 1 КҮНДІК ЖҰМЫС БАРЫСЫ

⏰  АУДАН ӘКІМІНІҢ 1 КҮНДІК ЖҰМЫС БАРЫСЫ
🛑 Аппараттық кеңесте...
🌐 Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті.
Ауданға қарасты ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сейілбек Дариябеков саласындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
♦️ Баяндама аясында аудан басшысы аудан көлемінде әлеуметтік дүкендерді көптеп ашу туралы тапсырма берді.
⌛ Мұндағы мақсат әлеуметтік дүкендерді қала, ауылдық аймақтардан да ашып, халыққа тиімді бағада қызмет атқару.
Бағаны тұрақтандыру.
💯 Міне, осындай бағыттағы жұмыстар ауданда қарқынды жүзеге аспақ.
🤝 Сондай-ақ, құрылыс, мәдениет және экономикалық көрсеткіштер туралы мәселелер кеңінен талқыланды.
🌅 Аудан басшысы құрылыс саласына байланысты бірқатар өзекті сауалдарды алға тартып, қала көркін кетірер орынсыз құрылыс нысандарының салынбауын, жер берілу барысы ашық жариялануын, жалпы сақалды құрылыстарға тоқтам салынатынын ашық айтты.
♦️ Мұндағы мақсат аудан, қала көркін кетірмеу.
💦 Сонымен қатар тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады.
🌿 Өткен аптада айтқанындай өзі бастап ауласына тал-дарақ, гүл көшеттерін отырғызуды бастайтынын айтып, әрбір мекеме-басшыларын тазалыққа үлес қосуға шақырды.
🛑 «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей аудандағы ахуал айтылып, індеттің алдын-алуға қатысты шаралар қатаңдатылды.
🌃 Індеттің алдын алу, жасөспірімдердің түнгі мезгілде бей-берекет жүрмеуі, мемлекеттік қызметкердің бойынан табылуы тиіс қасиеттері де осы аппараттық жиында ортаға салынды.
🌡Аудан әкімі індеттің алдын алуға қатысты аудандық орталық ауруханасында күндіз-түн атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, вакцина салу бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
🚨 Мемлекеттік және көппен жұмыс істейтін орындардағы екпенің салынуы тек қызметкерлерді қорғау емес, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып отырғандықтан елге індет жұқтырмас үшін жасалынып жатқан игі амалдың бір түрі екендігін де аудан басшысы баса айтты.
🏞 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
🏔 Аудан әкімінің келесі жұмыс жоспары ауыл шаруашылғы нысандарын аралау болды.
💬 Сапар барысында Жаңаталап ауылдық округінде болды.
💯 Округте жалпы 92 шаруа қожалықтары тіркелген.
Оның ішінде 69 шаруа қожалығының 14-і мал өсіру шаруашылығын жүргізсе, 55-і егін шаруашылығымен айналысады.
Қалған 23 шаруа қожалықтары әртүрлі себептермен жұмыстарын тоқтатқан.
💧Ауылдық округ көлемінде 4 су өткізу каналдары «Жаңа Кәрітоған», «Сарыөзек», «Кедей», «Тасарық» және 1 млн.3 көлеміндегі «Бекен жарма» су қоймасы орналасқан.
🌏 «Жаңа Кәрітоған» каналының ұзындығы 8 шақырымды құрайды, су өткізу қабілеті 33.
«Сарыөзек» каналының ұзындығы 6,5 шақырым, су өткізу қабілеті 13. Аталған канал арқылы 30 шаруа қожалықтарының 500 га егістік алқабы суғарылады.
«Кедей» каналының ұзындығы 7,5 шақырымды құрайды, су өткізу қабілеті 13.Аталған канал арқылы 50 шаруа қожалықтарының 759 га егістік алқаптары суғарылады.
💧 Қазіргі таңда жиналған су көлемі 30млн.3
🏗 2020 жылы «Жаңа Кәрітоған» каналына 1 шақырымына, «Сарыөзек» каналына 2,5 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
🎍 2020 жылы егістік алқабы 1848 га. Оның ішінде 1311 га егістік алқабына игерілді.
2021 жылы егістік алқабы 1859 га құрап отыр.
⛳ 2021 жылғы көктемгі 2 айлық абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезінде «Тасарық» және «Бекен жарма» каналдарының су жүйелеріне жиналған кездейсоқ күл-қоқыстардан тазарту, жырылған жерлерін бекіту жұмыстары жүргізілді.
♦️ Атқарылып жатқан істер баршылық. Алда жоспарлар да жетерлік.
🛑 Осы сапар барысында аудан басшысы «Сарыөзек» каналының дюкерінің, «Тасарық» каналының қазіргі жағдайын, «Бүркітті» каналы бойындағы егіс шаруаларының, «Құттыбұлақ» су бөгетінің жағдайларын көзбен көріп қайтты.
💦 Сонымен қатар Байқадам ауылдық округіндегі «Бауыржан» егіс шаруа қожалығының жаңбырлатып суғару жүйесін көрді.
💯 Көріп қана қоймай, нақты тапсырмалар беріп, алдағы жоспарлар айқындалды.
✍ Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы