АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
Сарысу ауданынан аттанған 1 мың 596 азаматтың 523-і майдан даласында қаза тапса, 184 жауынгер іс-түссіз жоғалған.
Бүгінгі таңда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саусақпен санаулысы  ғана көзі тірі ортамызда жүр.
Сондай-ақ, сын сағаттарда ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен жерлестеріміз де баршылық.
Берген Исаханов пен Амантай Дәулетбеков Кеңес Одағының Батырлары атанды, 280 жаудың көзін жойған мерген Ыбырайым Сүлейменовтің атақ-даңқы күллі Кеңес Одағына тарады.
Бүгінде, ардагерлеріміз біз үшін-тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат жандарға айналды.
Олардың өшпес ерліктері ұрпақтар жадында мәңгі сақтала беретін болады.
Осыған орай, Жеңіс күні мерекесіне орай Сарысу ауданының  әкімі Марат Сұлтанғалиев бастап, басқа да басшылар арамыздағы ардагерлердің үйлеріне барып, сый-сияпат жасады.
Бұл игі дәстүр тек мереке күндері ғана емес, күнделікті құрметке лайық ерлерімізді марапаттаудың бір парасы ғана.
Ардагерлер майдан даласындағы ерлік істерімен бөлісіп, ұрпағымыз тыныш өмір кешсін деген ізгі ниеттері мен басшыларға ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.
Суретте; Сарысу ауданы әкімінің ҰОС ардагерлері- Кемелбек Шәменов пен Қабыл Ібіжанов қарияның отбасында болған сәті.
Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы