САРЫСУДА БОРАНДЫ КҮНІ ЖОЛДА ҚАЛҒАН АДАМДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

САРЫСУДА  БОРАНДЫ КҮНІ ЖОЛДА ҚАЛҒАН АДАМДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Сарысуда боранды күні жолда қалған адамдар құтқарылып, аумақты қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Кеше боранды күні жолға шыққан жеңіл 20 көлік, 40 адам қар құрсауында қалды.
Осы күні Сарысу аудан әкімдігімен бірлескен аудандық полиция бөлімі құрамынан 20 адам, 10 автокөлік жіберілді.
Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен жолда қалған барлық жолаушы құтқарылды.