Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы Сарысу аудандық «SARYSY» газетінде орын беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің

кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы

Сарысу аудандық «SARYSY» газетінде орын беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы

                                                                                        АҚПАРАТ

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес аудандық «SARYSY» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын мақала түрінде жариялайды.

          Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:

1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.

        Үгіт материалдарын жариялау тәртібі

         Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді.  Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісімшарт жасасады.

         Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.

          Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі

          Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «SARYSY» газетінің кезекті саны жарыққа шығардан  үш  жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.

          Үгіт материалдарын жариялаудыңтөлем тәртібі

          Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.

          Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы

                                                                              ПРАЙС-ПАРАҚША

            «SARYSY» газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газеттің меншікті иесі:

-«SARYSY» (форматы D2; шығу жиілігі апатасына 2 рет: сәрсенбі, сенбі; тілі: қазақ, орыс; газеттің сыртқы беттері түрлі түсті, ішкі беттері ақ, қара; бір реттік таралымы-2000 дана)

            Жоғарына көрсетілген газетте материалдың орналастыру бағасы: -1 (бір) шаршы сантиметрі 220 (екі жүз жиырма) теңге ҚҚС-ны қоса алғанда, бірінші беттен басқасы.

 

Дата публикации
18 октября 2022
Дата обновления
18 октября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы