Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіз: Сарысу ауданы әкімінің 2022 жылғы 1 тамыздағы №4 шешімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақыты: 2022 жылдың 1-3 тамыз аралығы (3 жұмыс күні).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілеттік берілген тұлға: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімше басшысы Ж. Құдайбергенов.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектілері:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды қамту кезеңі: 2022 жылдың 7 айының қорытындысы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аудан әкімінің 2022 жылғы 1 тамыздағы №4 шешімінің негізінде ағымдағы жылдың 1-3 тамыз аралығында жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау мақсатында бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлеріне және құқықтық актілеріне талдау жүргізілді.
Мемлекеттік мекеменің ережесін қарастыру барысында бөлімінің қызметіне және оларға байланысты нормативтік-құқықтық актілерге (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, «Құқықтық актілер туралы» Заңына, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына) қатысты талдау жасалынды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету іске асыру және өзге де мәселелеріне талдау жасалды.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:
Аудан әкімінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілеу туралы» № 229 қаулысына сәйкес, бөлімде 6 штаттық бірлік және аудан әкімінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы («Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі «Мекемелерге техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің штат бірлігін белгілеу туралы» №80 қаулы») №251 қаулысына сәйкес, техникалық қызмет көрсетуді, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің және басқа да техникалық жұмысшылардың штат бірлігі – 28. Бос орындар саны – 0. Мүдделер қақтығысы бойынша фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша:
Жалпы бөлімде 14 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2022 жылдың 7 айында 632 қызмет (мемлекеттік корпорация арқылы, электронды үкімет порталы арқылы (ЭҮП) және е-лицензия арқылы) көрсетілген.
«Сарысу» газеті арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 3 мақала жарияланған. Бүгінгі таңда, бөлім тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді аудан тұрғындарына насихаттау мақсатында 16 семинар кеңес өткізілген.
Аудан әкімі аппаратынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында қосымша жауапты маман бекітілген. Бекітілген маман мемлекеттік қызмет көрсететін аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауыл және ауылдық округ әкімі аппаратындағы жауапты мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетудегі жұмыстарына қадағалау жүргізіп отырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдарды анықтауға мониторинг жүргізілді. Талдау барысында теріс материалдар анықталмады.
2022 жылдың 7 айында барлығы 123 өтініш-арыз тіркелген. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 96, заңды тұлғалардан - 5 Осы өтініштердің 31 жұмыс туралы, 42 әртүрлі мәселелермен өтініштер түскен. Жеке қабылдауда 22 адам болған. Жоғарғы органдардан түскен өтініштер саны - 1. Аудан әкімі сайтындағы блогқа түскен өтініштер саны - 75, сенім телефонына хабарлама түскен жоқ.
ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестер туралы» Кодексіне сәйкес, 45-өтінішке түсіндірме жауаптар берілген, 68-өтініш қанағаттандырылды.
Осы жылғы өтініштердің қаралуына қатысты прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.
Сонымен қатар, осы мекеме қызметкерлерін іссапарға жіберу бұйрықтарын шығару кезінде бірнеше кемшіліктер жіберілген. Атап айтқанда:
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің 31.03.2021 жылғы №42 бұйрығына сәйкес мекеменің штат бірлігі – 29. Бос орындар саны – 0. Мүдделер қақтығысы бойынша фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша: Жалпы мекемеде 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2022 жылдың 7 айында 1997 қызмет (мемлекеттік корпорация арқылы, электронды үкімет порталы арқылы (ЭҮП) және е-лицензия арқылы) көрсетілген. «Сарысу» газеті арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 12 мақала жарияланған. Бүгінгі таңда мекеме тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді аудан тұрғындарына насихаттау мақсатында 41 семинар кеңестері өткізілген. Бұқаралық ақпарат құралдарында мекеме қызметшілеріне қатысты теріс материалдарды анықтауға мониторинг жүргізілді. Талдау барысында теріс материалдар анықталмады. 2022 жылдың 7 айында барлығы 56 өтініш-арыз тіркелген. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 55, заңды тұлғалардан – 1. Аудан әкімі сайтындағы блогқа түскен өтініштер саны - 0, сенім телефонына хабарлама түскен жоқ. ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестер туралы» Кодексіне сәйкес, 1 өтінішке түсіндірме жауаптар берілген, 55 өтініш қанағаттандырылды.
Осы жылғы өтініштердің қаралуына қатысты прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: Аудан әкімінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілеу туралы» № 229 қаулысына сәйкес, бөлімде 3 штаттық бірлік және аудан әкімінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы («Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі «Мекемелерге техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің штат бірлігін белгілеу туралы» №80 қаулы») №251 қаулысына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің және басқа да техникалық жұмысшылардың штат бірлігі – 3. Бос орындар саны – 1 (автокөлік жүргізушісі). Мүдделер қақтығысы бойынша фактілер анықталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдарды анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталмады. 2022 жылдың 7 айында барлығы 6 өтініш-арыз тіркелген. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 4, заңды тұлғалардан – 2. Аудан әкімі сайтындағы блогқа түскен өтініштер саны - 0, сенім телефонына хабарлама түскен жоқ. Осы жылғы өтініштердің қаралуына қатысты прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: Аудан әкімінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілеу туралы» № 229 қаулысына сәйкес, бөлімде 6 штаттық бірлік және аудан әкімінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы («Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі «Мекемелерге техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің штат бірлігін белгілеу туралы» №80 қаулы») №251 қаулысына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің және басқа да техникалық жұмысшылардың штат бірлігі – 6. Бос орындар саны – 0. Мүдделер қақтығысы бойынша фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша сектор меңгеушілері мен жауапты мамандар тиісті құжаттарын зерделуге ұсынбады. «Сарысу» газеті арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша мақала жарияланбаған. Бүгінгі таңда бөлім тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша аудан тұрғындарына насихаттау жұмыстары жүргізілмеген. Бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдарды анықтауға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 3 теріс (тұрғын үйге, автокөлікке қатысты) материалдар анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысын орындау мақсатында ауданда іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған:
Ұсынымдар:
Ж.Құдайбергенов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы