Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелеріне шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің атына (080700, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1-үй мекенжайы бойынша) немесе www.egov.kz  порталы арқылы шағым беріледі.

Шағым құзыретіне, шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін, лауазымды тұлғаға жолданады.

 Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берілген күн және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

 

Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

www.egov.kz  Электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
18 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы