Меню

Страницы

Статья

Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімдігінің жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ

Өндіріс ауылы                                                        2022  жылдың 16 шілдесі

                                                                               басталуы сағ. 10:00

  Төрағалық еткен :        Жүсіпалиев Қ. - жергілікті қоғамдастық жиналысының  төрағасы

                                        Оразбеков Н.  -  қоғамдастық жиналысының хатшысы

Жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  өкілдері:  10 адам  ( 72 %): 

                                           Акмаганбетов Н.М. – Игілік ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

                                            Байсалбаев Е.– жергілікті қоғамдастық мүшесі                            

                                           Абдықадыров М. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

                                           Жанбеков Р.   –  жергілікті қоғамдастық мүшесі                                

                                           Наширбаев М. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

                                           Нурманов Т. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

                                           Тайжанов Қ. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

                                          Тұяқбаев Т. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

                                           Идрисова Д. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

                                           Дүрменаев М. – еңбек ардагері

                                           Ибраев Н. – жергілікті қоғамдастық мүшесі

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары – 37 адам.

Күн тәртібі:

  1. Игілік ауылдық округі Өндіріс ауылын қайта атауы туралы

 (ауылдық  округінің әкімінің міндетін атқарушы  Акмаганбетов Н.М.)

Игілік ауылдық  округінің әкімінің міндетін атқарушы  Акмаганбетов Н.М.: бізге Өндіріс ауылдық ардагерлер кеңесінің жиналысының қаулысына сәйкес және ауыл тұрғындары   Өндіріс ауылын «Дінмұхамед Қонаев» деп өзгертуін өтінгені туралы ұсыныс түсті. Аталған ұсынысты басшылыққа алып аудандық Сарысу газетіне және Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік желідегі ресми парақшасына  ағымдағы жылдың 16 шілдесінде  ауыл атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарландыру жарияланды.

Сондықтан біз, Өндіріс ауылының атауын өзгерту туралы ұсынысты бүгін жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізіп отырмыз.  

Сөз кезегін ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сарысу ауданының "құрметті азаматы" Жүсіпалиев Қойшыбайға береміз.

Жүсіпалиев Қ.: Д.А.Қонаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1912 жылы Алматы облысы, Ақшы ауылында дүниеге келген. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған. Өзінің бойындағы іскерлігі мен елімізде қырық төрт жылдай басшылық қызметтер атқарған. Сондықтан осы Өндіріс ауылын Дінмұхаммед Қонаев атына өзгерту туралы ұсынысты осындағы қоғамдыстық мүшелері атынан және ауыл тұрғындары атынан бір ауыздан қолдаймын.

Дүрменаев М. Құрметті ауыл тұрғындары, құрметті қауымдастық мүшелері бүгінгі жиында Өндіріс ауылының атауын өзгерту туралы;   Д.Қонаев 3 мәрте " Социалистік еңбек ері" атағын алған азамат. Бұл атақ екінің біріне беріле бермейді. Өндіріс ауылын Дінмұхаммед Қонаев атына өзгерту туралы мәселеге байланысты бәріміз бір кісідей қолдаймыз деп ойлаймын.

 Жанбеков Р. : Құрметі Игілік ауылының тұрғындары мына өте жақсы бастама басталып жатыр екен. Дінмұхаммед Қонаевтың атын осы Өндіріс ауылына беру өте жақсы ой. Брежневпен де қызметтес болған. Саяси бюро мүшесі болған. Басшылық қызметтер атқарған. Сондықтан Өндіріс ауылына Д.ҚҚонаев атын беруді қолдаймын.

 Наширбаев М.: Ауыл тұрғындары бастаған бастаманы естіп, қуанып қалдық. Жақында Жаңатс қаласындағы мектепке Д.Қонаевтың аты берілді. Осы Өндіріс ауылына Д.Қонаев атын беру  бастамасын қолдаймын.

Қауымдастық мүшелері: М.Абдиқадиров, Т. Нұрманов, Қ.Тайжановтар Өндіріс ауылының атын Дінмұхаммед Қонаев ауылы деп өзгертуді толығымен қолдады.

Акмаганбетов Н.М.: Егер қарсы, қалыс болмаса біз жалпы дауыс беруге көшеміз. Дауыс беру қорытындылары бойынша шешім қабылданады.

Сонымен, Өндіріс ауылы «Дінмұхамед Қонаев» ауылы деп өзгертілсін:

«Қолдағандар» - 37, «қарсы» - жоқ, «қалыс» - жоқ.

Жалпы жиналыста күн тәртібіндегі көтерілген мәселе талқыланып, жергілікті қоғамдастық өкілдері, ШЕШІМ ЕТТІ:

      1.Өндіріс  ауылы   «Дінмұхамед Қонаев» ауылы болып қайта аталсын.

      2.Жамбыл облысының ономастика комиссиясына ұсыныс берілсін.

Төраға                                                    Қ.Жүсіпалиев

Дата публикации
27 июля 2022
Дата обновления
27 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы