1) Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 1 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Байқадам ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 1 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.
2022 жылдың IІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2022 жылдың ІІ тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.
Екінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 159 адамды қамтыған
7 түсіндірме іс-шаралар өткізілді.
Аудандық «Сарысу газеті» басылымдарында жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жарияланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 06 маусымында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жауапты қызметкерлерін және халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерін қатыстыра отырып құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың ІІ тоқсанында, 1-3 маусым аралығында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты ЖАО-ның 5 қызметкері біліктілігін арттыру курстарынан өтті.