Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 1 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Игілік ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 1 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде Құжаттар топтамасы толық болмағанда көрсетілетін қызметті ұсынбауы бойынша 1 факті анықталды.
2022 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2022 жылдың І тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.
Бірінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 283 адамды қамтыған
8 іс-шаралар өткізді.
Департамент бастамасымен Сарысу ауданы әкімдігі тарапынан ағымдағы жылдың 29 наурызы күні жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ауданның ресми «Instagram» парақшасы арқылы «онлайн жәрмеңке» ұйымдастырылды.
(Сілтемелері: https://www.instagram.com/tv/Cbrx1PigCVI/?utm_medium=copy_link)
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін айқындайтын заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер» бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және жауапты қызметкерлерді қатыстыра отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың І тоқсанында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның қызметкерлері өтпеген.