2022 жылғы 29 маусымда Сарысу аудандық референдум комиссиясының 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу қорытындылары бойынша кеңейтілген комиссия отырысы өтті.
Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаевтың есебі тыңдалды. Кеңейтілген отырыста 25 учаскелік референдум комиссияларының мүшелері Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының алғыс хатымен марапатталды.