2022 жылғы 24 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының комиссия отырысы өтті.
Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту тренингі өтті.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту тренингінің бағдарламасына сәйкес, іскерлік ойындар мен кейстік тапсырмалар орындалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының есептері тыңдалды.