Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған аса маңызды болып отыр. Бұл ретте мемлекет пен қарапайым халық арасында байланыс орнатуды жеңілдету үшін электронды үкімет жұмыс істейді. Қазірг іуақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды форматқа көшіру жұмыстарын дамыту шаралары жалғасуда. Бүгінгедейін жұртшылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іскеасып та үлгерді.«Электронды үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режімде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс. Электронды үкіметті қалыптастыру және дамытудың төрт негізгі кезеңі бекітілді. Бірінші кезең – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпараттармен толықтырылды. Бұл кезеңде әрбір қазақстандыққа жетті бүкіл ақпаратты – қажет құжаттар тізімін, мемлекеттік БАЖ дың көлемін, мемлекеттік органның байланыс мәліметтерін портал арқылы алуға қолжеткізді. Екіншікезең – интерактивті кезең, яғни порталда электронды қызметтер көрсетіле бастады. Порталды пайдаланушыларға үйде отырып-ақ мекемелерден анықтамаларды алуға, кезкелген мемлекеттік органға сұраныс жасауға және олардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туды. Электронды үкімет порталында интерактивті қызметтерді енгізу құжаттар пакетін жинауға кететін уақытты бірнеше есе қысқартты. Электронды үкіметтің дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік салымдар мен төлемдерді, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын қызметтерді төлеу үшін банкке бару қажетболса, онда қазір қызметті онлайн алуға және төлеуге болады. Электронды үкіметтің төртінші кезеңі – трансформациялық кезең. Бұл кезеңнің басты мақсаты – азаматтарға қызметкөрсетуде жеделдік таныту. Осы мақсатқа қолжеткізу үшін интерактивті және транзакциялық сервистер кешенді қызметтерге біріктірілуде. Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын осы электронды үкімет жүйесі арқылы тапты. Мұның тиімді жақтары айтарлықтай. Қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді етеді және шығынныңаздығымен әрі ашық, жариялылығы мен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмысістеуіне елеулі ықпалете алады.