Меню

Страницы

Статья

Сарысу аудандық референдум комиссиясының хабары

                 2022 жылдың 18 мамырында Сарысу аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа Жамбыл облыстық референдум комиссиясының комиссия мүшесі Т.Жамалов, аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Сақыпбеков, аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы – Г. Алтынбекова, Сарысу ауданының прокуроры – Д.Алдабергенов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы С. Артықбаев аудандық полиция  бөлімінің  бастығы А.Алметов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Ж.Танабаев, ауылдық округ әкімдері, аудандық референдум комиссиясының (аудандық сайлау комиссиясының) мүшелері, учаскелік референдум комиссиясының (учаскелік сайлау комиссияларының) төрағалары және хатшылары қатысты.

            Комиссия отырысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы, Республикалық референдумға қатысушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру, 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт-насихат жүргізу, 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау, Республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 короновирус инфекциясының таралуының алдын-алу жөніндегі шаралар туралы баяндамалар жасалды.  

         Жиын соңында, қатысушылармен қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Дата публикации
18 мая 2022
Дата обновления
18 мая 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы