Меню

Страницы

Статья

РЕФЕРЕНДУМ – ЖАҢА ДӘУІР ТАЛАБЫ

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен үстіміздегі жылдың маусым айының бесі күні елімізде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді.

Осыған сәйкес тілшіміз аудандық референдум комиссиясының төрағасы Шортанбаев Дәулетберді Амангелдіұлымен жолығып, ауданымыздағы референдум өтетін учаскелерінің дайындығы туралы сұрақпен қайырылған еді.

  • Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына аудан бойынша 1 аумақтық референдум комиссиясы және 25 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс жүргізуде. Жалпы аудан бойынша референдумда дауыс беруге құқылы 23935 адам бар. Олар еркін дауыс беру үшін аудан бойынша 25 референдум учаскелері толық жабдықталды.
  • Ендігі мәселе. Учаскелік референдум комиссияларының дайындығы қалай? Олардың құрамы қандай?
  • Аудан бойынша 161 комиссия мүшесі, жоғарыда айтқандай 25 референдум өтетін учаскелерде дауыс берушілерге қызмет етеді. Олардың барлығы онлайн-қашықтықтан оқытылатын қысқа оқу курсынан өтіп, тиісті сертификаттарын алды.  

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 28 мамырында Жаңатас қаласында Жамбыл облыстық референдум комиссиясының мүшесі Жамалов Талғат Салқанұлының қатысуымен республикалық референдумға дайындық жұмыстары туралы арнайы семинар-кеңес өтті.

  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге арналған үй-жайларда дауыс беру үшін қандай жағдай жасалған?
  • Сұрағыңыз орынды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайлардың кіреберісінде тұтқалар, сонымен қатар төсеніштер, пандустар орналасқан және арнайы жабдықталған орындар көзделген. Кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген және арнайы жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жабдықталған.
  • Мүмкіндігіне орай басқа да жағдайлар, кезекшіліктер ұйымдастырылған. Қоғамдық тәртіп сақтау, төтенше жағдай қызметкерлері тағы да басқа да қызметтер, жедел жәрдем мәселелері де пысықталып, дайындық үстінде.
  • Бір сөзбен айтқанда аудандағы референдум учаскелері референдум өткізуге толық дайын деуге болады.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Гүлнара ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ, «SARYSU»

 

Дата публикации
31 мая 2022
Дата обновления
31 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы