5 маусым күні өтетін республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына дайындық және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Ерман мен комиссия аппаратының электоралдық оқытуды ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары Т.Рыспеков арнайы Жамбыл облысының аумақтық референдум комиссияларымен семинар өткізді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті кешенінде өткен семинарға облыс аудандары мен Тараз қаласынан мамандар қатысты. Аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және өзге де тиісті азаматтар арнайы сабақтан өтті. Оларға саяси науқанды дұрыс ұйымдастыру мен өткізудің тетіктері жан-жақты түсіндірілді.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы