Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТ

           2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқыту жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жоспарының шеңберінде Орталық референдум комиссиясы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін онлайн режимінде  оқыту семинарын өткізді.

           Іс-шараға облыстық мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыс әкімі жанындағы кеңесшісі, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармаларының басшылары, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

           Іс-шара барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, референдум учаскелеріне кедергісіз кіруі және оның дауыс беруі үшін жағдайлар жасау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Бұл топтағы азаматтардың берген ұсыныстары талқыланды.

           Семинар соңында Орталық референдум комиссиясының өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

                                                                                Жамбыл облыстық референдум комиссиясы

 

Дата публикации
20 мая 2022
Дата обновления
20 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы