Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облыстық референдум комиссиясының хабары

                2022 жылдың 20 мамыры күні Жамбыл облыстық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың төрағалығымен аумақтық референдум комиссиялары төрағаларымен, облыс әкімдігінің, Тараз қаласының және аудан әкімдіктерінің бас есепшілерімен кеңейтілген комиссия отырысы өткізілді.

              Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің бухгалтерлік есеп бөлімінің басшы-бас есепшесі Г.Ә.Дәуренова Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу үшін бөлінген қаржы туралы баяндама жасады.

              Облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мәдиева референдум комиссиялары мүшелерін оқыту бойынша баяндама жасады. Оқу бағдарламасының негізінде, аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің қашықтықтан кезең-кезеңімен оқытудан өтіп, тестілеу жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын баяндады.

              Облыстық референдум комиссиясының мүшесі Т.Жамалов Республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері жайында баяндама жасады. Баяндамасында, Референдум учаскелерінің жабдықталуы, сайлаушылар тізімі, есептен шығару куәлігін берудің талаптарын, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің дауыс беру күнгі әрекеттерін және өзгеде дауыс беру күні орын алуы мүмкін ситуациялық  мәселелерді  талқылады.

              Облыстық референдум комиссиясының мүшесі С.Қойшыбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар жайында баяндама жасады. Дауыс беруге арналған үй-жайдың мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін қолайлылығын, оларға арналған бұрыштың жабдықталуы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде түсіндіріп өтті. 

             Облыстық референдум комиссиясының хатшысы А.Боранбаев, дауыс беру күні учаскелерде қызмет көрсететін онлайн-сервис жүйесі жөнінде баяндама жасады. Облыс бойынша 307 референдум учаскесінен 614 оператор Егов порталында тіркелу бойынша қызмет көрсететін айта келе, Орталық сайлау комиссиясы бекіткен алгоритмге сай жұмыс жүргізілуі керектігін ескертті.

 

Дата публикации
23 мая 2022
Дата обновления
23 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы