2022 жылдың 24 сәуірі күні Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 9 тармақшасына, 44 бабы 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытынды хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Байқадам сайлау округі
Байқадам ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 2837 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 2245 Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Бәріне қарсы» белгісі бар жолды белгілегені - 0.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аймагамбетов М.Т – 1133;
Назарбеков А.К. – 1081,
Байқадам ауылдық округінің сайланған әкімі Аймагамбетов Мынжасар Туленович 1959 жылы туған, Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі, өзін өзі ұсынған. Байқадам ауылдық округі, Саудакент ауылында тұрады. Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен 2022 жылғы 24 сәуірде сайланған Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімін тіркеді.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы