Сарысу аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 24 сәуірге тағайындалған Байқадам ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты а.ж. 15 сәуірі күні аудандық сайлау комиссиясында Байқадам ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттармен отырыс болып өтті.
Күн тәртібінде Байқадам ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары және сайлау алдындағы үгіт мәселелері қаралды.
Кездесуде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тіркелген кандидаттарға куәліктер берілді. Кандидаттарға және олардың сенімді өкілдерінің сайлау процесі кезіндегі құқықтары мен міндеттері жайлы, сонымен қатар, сайлау процесі кезінде анықталған заң бұзушылықтар туындаған жағдайда тиісті деңгейдегі мемлекеттік органдарға (сот, прокуратура) шағымдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық сайлау комиссиясы а.ж. 13 сәуірдегі жағдай бойынша 3 кандидатты тіркеді (100%). Тіркелген 3 кандидаттың 2-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, 1-і «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.
Байқадам ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттар туралы ақпарат: