Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкіміне төмендегі кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Өзін-өзі ұсынған Аймагамбетов Мынжасар Туленович, 1959 жылы туған, Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, Саудакент ауылында тұрады.
«AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған Назарбеков Амантай Калдыбаевич, 1964 жылы туған, Байқадам ауылдық округінің әкімі, Саудакент ауылында тұрады.
Өзін-өзі ұсынған Таймолдаев Абдиманап Алтаевич, 1984 жылы туған, Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде инспектор, Саудакент ауылында тұрады.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы