Тараз қаласы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі КММ «Анаға тағзым» КММ-нің ұйымдастыруымен ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді дамыту, қазақ анасының қасиетті бас киімі – кимешектің ерекшеліктері, түрлері туралы жас ұрпақтың танымын кеңейту, көненің көзі болған ұлттық киім үлгілерін бүгінгі заманға ыңғайлап киюдің бұқаралық сипатын арттыру, шығармашыл шеберлерді анықтау, тігін тігудің жаңашыл әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру мақсатында «Киелі кимешек» облыстық тігіншілер байқауы өтті.

Байқауға Сарысу ауданынан екі тігінші Есентаева Айнұр мен
Мырзабекова Назипа қатысып, кимешек тігудегі шеберлігімен қатар, «Кимешек киген киелім», «Өнерлінің өрісі кең» кезеңдерінде бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша қайтарымсыз кредит иеленген Есентаева Айнұр үздік үштіктен көрініп, тігін машинасын иеленді.