Ауданда бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бөлім өз міндетінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңын, "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығын, бөлім ережесін, аудан әкімдігінің жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс атқарады.
Сонымен қатар, Ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн қамтиды.
Облыс әкімі мен аудан әкімі арасында жасалған келісімнің түйінді нысаналы индикаторларының 2022 жылға жоспар бойынша «Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту» 38,5 % пайыздық көрсеткішке жету, бүгінгі күні аудан бойынша халық саны 44624 дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы тұрғындар саны 15632 адам жалпы 35% құрайды.
"Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығына сәйкес біліктілік санаттарын беру бойынша ауданда 2021 жылы 6-жаттықтырушы "Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы" санатын, 9 - спортшы "ІІ-спорттық разряд" дәрежесін,1-спортшы"І-жасөспірімдік" дәрежесін, 11-спортшы ІІІ-жасөспірімдік дәрежесін алды, жалпы саны 27. 2022 жылы 2-жаттықтырушы "Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы" санатын, 8 - спортшы "ІІ-спорттық разряд" дәрежесін, 2-спортшы ІІІ-жасөспірімдік дәрежесін алды, жалпы саны 12.
Қазіргі таңда аудан бойынша 212 спорт нысаны бар. (атап айтқанда, 2- спорт кешені, 1-стадион, 132-спорт алаңшасы, 34-футбол алаңы, 30 - спорт залы, 13-орнатылған зал). Оның ішінде 211 спорт нысандары тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр. Қазіргі таңда 5 - алаңша Бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының теңгеріміне өтті, алайда аталған нысандардың барлығы ескірген, тозығы жеткен, ағымдағы жөндеуді қажет етеді, Жаңатас қаласы 2-ш,ауданы, 1-ш,ауданы және Абай көшесі бойындағы – кіші футбол алаңшаларының ағымдағы жөндеуге тиісті ЖСҚ-сы әзірленуде,жалпы 4 - алаңшаның ЖСҚ-сын әзірлеуге қажетті қаржы тапшылығына байланысты Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының тарапынан эканомика және бюджетті жоспарлау бөліміне ұсыныс өткізілді.
Аудан бойынша спорт түрлерінің саны 20 (футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, бокс, каратэ-до шотокан, каратэ - до wkf, дзю-до, грек-рим, самбо, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, джуи джитсу).
Аудандық спортшылардың жетістіктері
2021 жылы Сарысу ауданы спортшыларының жетістіктері республикалық, халықаралық және облыстық байрақты бәсекелерде 286 медальға ие болды. Атап айтқанда Халықаралық жарыстар 2 алтын, 1 күміс, 2 қола. Республикалық жарыстар 29 алтын, 15 күміс, 18 қола. Облыстық жарыстар 51 алтын, 75 күміс, 93 қола, жалпы 286 жүлде. Жетістікке жеткен спортшылар жыл қорытындысымен 23 үздік спортшы аудан әкімінің қолдауымен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
2022 жылы қаңтар – ақпан айлары бойынша 43 медальға ие болды. Атап айтқанда Республикалық жарыстар 2 алтын, 8 күміс, 3 қола. Облыстық жарыстар 16 алтын, 14 қола, жалпы 43 жүлде.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша 2021 жылы 268 спорттық Іс - шараға 15632 ден астам адам қамтылды. 2022 жылы қаңтар – ақпан айлары бойынша 33 спорттық іс - шараға 2450 адам қамтылды.
2021-2022 жылдары өткізілген бұқаралық спорттық іс-шаралардың саны қала және ауылдық округ бойынша 2021 жылы 110 іс –шара болса 2022 жылы қаңтар-ақпан айы бойынша 33.
Спорт жөніндегі әдіскерлер - нұсқаушылар тізімі қала және ауылдық округтер бойынша барлық аймақ спорт нұсқаушыларымен қамтылған.
2021 жылы 40 спорттық нысандарды орнату жоспарланған.
Нәтижесінде аталған спорт нысандары қала және ауылдық елді мекендерде орнатылды, халық игілігіне қолданысқа берілуде.Жер телімдері халық көп шоғырланған жерлерде орнатылған.
Спорт алаңшалары: Жалпы саны – 15 дана, Оның ішінде: Жаңатас қаласында – 6 дана, Елді мекендерде – 9 дана
(Саудакент, Шағалалы, Маятас, Қызыл Дихан, Арыстанды, Әбілдә, Шығанақ, Қамқалы, Игілік ауылдары)
Ауданы бойынша 4 дана Street workout орнатылды.
Саудакент ауылында,Досбол, Шағалалы ауылдарында,
Өндіріс ауылында.
Аудан бойынша 21 дана спорттық тренажер орнату жоспарланған.Жаңатас қаласында 20 дана спорттық тренажер орнатылды.Өндіріс ауылында 1 дана спорттық тренажер орнатылды.
2022 жылы орнатылатын спорт нысандары:
Жаңатас қаласына жаңадан Жастар спорт кешенінің құрылысын жүргізу жоспарланған, шығын көлемі 200,0 млн теңге тиісті қаржы қаралған.Тоғызкент ауылындағы спорт кешенінің құрылысына қатысты құжаттар облыстық құрылыс басқармасына өткізілді.
Жаңатас қаласына Жабық кіші футбол алаңшасын орнату жоспарда 50,0 млн теңгеге ЖСҚ-сы әзірленуде және екі стрит воркаут алаңшасын орнатуға 6,0 млн теңге қаржы қаралды, сонымен қатар волейбол алаңшасын орнатуға 6,0 млн теңге қаржы қаралды.Жаңаталап ауылына 1 кіші футбол алаңшасын орнату жоспарда, қаралған қаржы көлемі 9,0 млн теңге.Ұйым ауылына 1 кіші футбол алаңшасын орнату жоспарда,қаралған қаржы көлемі 9,0 млн теңге.Түркістан ауылдық округі Үш бас ауылына 1 дана кіші футбол алаңшасын орнатуға 14,0 млн теңге қаржы қаралған, 1 дана стрит воркаут орнатуға 3,0 млн бөлінді және Арыстанды ауылына 1 стрит воркаут орнатуға 3,0 млн қаржы қаралған.
Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:1. “SARYSU MARAFON - 2022” мекемелер арасында наурыз мерекесіне кросс ұйымдастыру.
5.Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерінің жүйелі түрде спортпен айналысу жұмыстарын жандандыру.