Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қалай қалпына келтіру?

Егер құжатыңыздың қағаз нұсқасы жоғалып немесе жарамсыз болып қалса, уайымдамаңыз. Цифрландырудың арқасында қазір кез келген құжатты қалпына келтіру оңай. Осыған дейін біз автокөліктің техникалық паспортын қалай қалпына келтіру керектігін айтқан болатынбыз. Бүгін тағы бір маңызды құжат – жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының кезегі келді.

Құжаттың төлнұсқасын (дубликатын) екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО арқылы жасауға болады.

Еgov.kz порталы арқылы төлнұсқа алуға өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіп, іздеу жолағына «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру» қызметін жазыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, өтінімді толтырасыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Ары қарай «Төлеу» түймесін басып, төлем жүргізіңіз.

Жеке кабинетке сұратылған құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама келіп түскен соң, сіз оны көрсетілген ХҚО-дан алып кете аласыз немесе құжатты үйге дейін жеткізу сервисін пайдаланыңыз.

Қызмет жылжымайтын мүлік объектісінің ауданына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Сарысу аудандық ХҚК орталығының бөлім басшысы   К.Аманкулов

Дата публикации
31 января 2022
Дата обновления
31 января 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы