Меню

Страницы

Статья

САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

          2021 жылдың 28 қарашасы күні Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

          Сарысу аудандық сайлау  комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 9 тармақшасына, 44 бабы  2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының  Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытынды хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

          Тоғызкент сайлау  округі

          Тоғызкент ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 884 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 867. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 0.

          Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Кузембаев М.А. – 839;  Махажанова Г.Т. – 26.

         Тоғызкент ауылдық округінің әкімі болып Кузембаев Медет Абдикаримович сайланды, 1979 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Тараз қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалынан ұсынылған.

         Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  45-бабына сәйкес 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 28 қарашада сайланған Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімін тіркеді.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 ноября 2021
Дата обновления
28 ноября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы