Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 26 бабының 3 тармағына сәйкес Сарысу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Жамбыл облысы Сарысу ауданы Досбол және Жаңаарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу үшін №379, 380, 385 сайлау учаскелерінде 2021 жылдың 25 маусымынан бастап сенбі, жексенбі күндерін қоса кезекшілік кестесі бекітіліп (дауыс беру күнін қоспағанда), жұмыс уақыты жергілікті уақыт 09.00-ден кешкі 00-ге дейін белгіленсін (түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, кезекшілік уақыты сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін).
- Осы шешімнің көшірмесі №379, 380, 385 учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Л.Ерсейтова
№14
26 маусым 2021 жыл
Жаңатас қаласы