"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Сарысу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Сарысу ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:
- Жаңаарық ауылдық округінің әкімі;
- Досбол ауылдық округінің әкімі.
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Сарысу ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Сарысу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Сарысу" газетінде жариялансын
Сарысу аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев
Сарысу аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Л.Ерсейтова
Жаңатас қ.
2021 жылғы 25 маусым
№ 12