2021 жылғы 4 шілдеде Сарысу аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің ұсынуымен кандидат болып түсу туралы құжаттар келіп түсті:
Досбол ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 1.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 26 маусымынан 9 шілдеге дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.