ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНЫҢ 28-БАБЫНЫҢ 3-ТАРМАҒЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС АУДАНДЫҚ «SARYSÝ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ- НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН КӨЛЕМІ 0,1 БАСПА ТАБАҚТАН АСПАЙТЫН МАҚАЛА ТҮРІНДЕ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ДАЙЫНДАЙДЫ.
Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:
1.Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, мерзімі, уақыты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
Үгіт материалдарын жариялау тәртібі
Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екі жақты келісім- шарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі
Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «SARYSÝ» газетінің келесі саны жарыққа шығардан үш жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қою қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болу керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмері көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша нұсқасының біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.
Үгіт материалдарды жариялаудың төлем тәртібі
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалдарының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.
Қызмет көрсету құны
-1 (бір) шаршы сантиметрі 110 (жүз он) теңге, ҚҚС-сыз;