Меню

Страницы

Статья

Сарысу ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2021 жылғы 25 маусымда Сарысу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Онда "2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Сарысу ауданы Жаңаарық және Досбол ауылдық округтері әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" шешім қабылданды.

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Мұндағы өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

 Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шортанбаев Дәулетберді Амангелдіұлы Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады.

Комиссия төрағасы кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 2021 жылғы 26 шілдеден басталып, сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда, яғни 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталатынын хабарлады

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 2021 жылғы 14 шілдеде сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.

Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті. Онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
26 июня 2021
Дата обновления
26 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы