ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫ – ЖАСТАРДЫҢ САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Бүгін Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің қатысуымен М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында мектеп президенті мен ұланбасы сайлауы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және демократиялық құндылықтарды дәріптеу.
Сайлау барысында оқушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беру тәртібімен танысты. Жас сайлаушылар клубының мүшелері оқушыларға сайлау процесінің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белсенділік танытты.
Жастардың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру – қоғамның болашағына жасалған маңызды қадам!