Меню

Страницы

Статья

Сарысу ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу мәселелері талқыланды

Сарысу ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу мәселелері талқыланды

2026 жылғы 21 тамызда Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша отырыс өткізді.

Іс-шараға аудандық сайлау комиссиясының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.

Жиында сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер қаралып, дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының міндеттері жан-жақты пысықталды.

Атап айтқанда, дауыс беру процесін ұйымдастыру, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ сайлау құжаттарын дұрыс рәсімдеу, байқаушылармен өзара іс-қимыл жасау және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, сайлау бюллетеньдерін сақтау және пайдалану тәртібі бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Отырыста учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына сайлау процесінде заң талаптарын қатаң сақтау, әрбір сайлаушының дауыс беру құқығын қамтамасыз ету, дауыс беру рәсімінің заңдылығы мен ашықтығын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 августа 2026
Дата обновления
21 августа 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы