Меню

Страницы

Статья

ОНЛАЙН-СЕРВИСКЕ ЖАУАПТЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛДЫ

ОНЛАЙН-СЕРВИСКЕ ЖАУАПТЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛДЫ

🔹2026 жылғы 18 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Сарысу аудандық бөлімінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беру күні азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисіне жауапты учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жұмыстары жүргізілді.

🔹Айта кетсек, дауыс беру күні Сарысу ауданында 10 сайлау учаскесінде сайлаушыларға арналған онлайн-сервистер іске қосылады. Сайлаушылар, eGov порталы арқылы сервиске қол жеткізу құқығы берілген учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне берген жазбаша өтініші негізінде өзінің тұрақты тіркелген мекенжайы туралы мәлімет ала алады. Егер өтініш берушінің тұрақты тіркелген тұрғылықты жері тиісті сайлау учаскесінің шекарасы аумағында екені расталса, комиссия оны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

🔹Сонымен қатар азаматтарға дауыс беру күні өзінің дауыс беретін орнын алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін бір мезетте үш онлайн-сервис әзірленген. Сайлау учаскесін www.gov.kz/sailau платформасындағы арнайы бөлімнен, сондай-ақ sailau.gov.kz және sailau2026.gov.kz ресурстарынан тексеруге болады.

🔹Сайлаушылар сервистерді пайдалану үшін өзінің өңірін таңдап, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі қажет. Жүйе тиісті сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын автоматты түрде көрсетеді.

Дата публикации
18 августа 2026
Дата обновления
18 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
Ақпарат
22 октября 2026
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
20 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы