Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасындағы сайлау процесінің теориялық-практикалық аспектілері және сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруді ұйымдастыру туралы учаскелік сайлау комиссияларына бағытталған оқыту-семинары өтті

Қазақстан Республикасындағы сайлау процесінің теориялық-практикалық аспектілері және сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруді ұйымдастыру туралы учаскелік сайлау комиссияларына бағытталған оқыту-семинары өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдесіндегі №1338 жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға  Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауынының тағайындалуына орай, Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен ағымдағы жылға                   13 тамызда Сарысу аудандық мәдениет үйінде Сарысу аудандық учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өткізілді.

Оқыту-семинарға Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Оқыту-семинардың мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыру, олардың сайлауды ұйымдастыру және өткізу, сайлау заңнамасын тиімді қолдану, сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау және заманауи электоралдық практикалар мен өзекті кейстерді ескере отырып практикалық дағдыларын дамыту.

Оқыту-семинарын Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Д.Шортанбаев ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Оқыту-семинарының бағдарламасына  сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері», «Дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету және шақыру  қағаздарының есебін қалыптастыру», «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу алгортимі», «Дауыс беруді ұйымдастыру, дауыс беру қорытындыларын анықтау және сайлау құжаттарымен жұмыс», «Сайлау процесіндегі жауапкершілік және сайлау заңнамасында орын алған өзгерістер туралы»  тақырыптары бойынша дәрістер оқыды.

Сонымен қатар аудандық прокуратура мен  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Сайлау науқанын құқықтық сүйемелдеу» және «Сайлау науқанында сайлау комиссиялары мен ішкі істер органдарының іс-қимыл алгоритмі» тақырыптарында баяндама жасады.

Оқыту барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптары берілді. Сонымен қатар, оқыту-семинарда учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен кейстік тапсырмалар талқыланды. Сондай-ақ Kahoot платформасы арқылы телешоу стиліндегі сұрақтармен жүргізілетін интеллектуалдық викторина сұрақтарымен комиссия мүшелерінен тест алынды.

         Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінен оқытудың қорытындысы бойынша оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын бекіту үшін оқыту-семинарының тақырыптарына сәйкес тест алынып, сертификаттар табыс етілді.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 августа 2026
Дата обновления
13 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
Ақпарат
22 октября 2026
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
20 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы