Күнтізбелік жоспарға сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету үшін арнайы дайындалған шақыру қағаздарын табыстау жүргізілуде.
Шақыру қағаздарында сайлау учаскесінің мекенжайы мен дауыс беруге қатысты қажетті ақпараттар көрсетілген.
Әрбір азамат дауыс беретін өз сайлау учаскесін нақтылап, 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, таңдауын жасауы маңызды.
Әр дауыс - ел болашағына қосылған үлес.
Аталған іс-шараның мақсаты сайлаушыларға тиісті мерзімінде толық ақпарат беру.