Меню

Страницы

Статья

Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өтті

Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өтті

 Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беруге құқығы бар азаматтарға шақыру қағаздарын табыстау мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуде жастардың сайлау процесіне қатысты мәселелерге қызығушылығын арттыру, олардың электоралдық белсенділігін, құқықтық мәдениетін дамыту жөнінде айтылды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары мен жас сайлаушылар клубының мүшелері бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беруге құқығы бар азаматтарға сайлау учаскелерінің орналасқан мекенжайы, дауыс беру уақыты мен орны туралы ақпараттары бар шақыру қағаздарын табыстаудың маңыздылығы атап өтілді. Аталған іс-шараның мақсаты сайлаушыларға тиісті мерзімінде толық ақпарат беру.

Кездесу соңында клуб мүшелері шақыру қағаздарын сайлаушыларға белгіленген мерзімде табыстауға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Дата публикации
11 августа 2026
Дата обновления
11 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
Ақпарат
22 октября 2026
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
20 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы