Меню

Страницы

Статья

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

2026 жылғы 28 шілде күні Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) миссиясы атынан жіберілген ұзақ мерзімді байқаушылар  Викен Тонже Мерит (Viken Tonje Merete) (Норвегия), Бедрицкий Александр (Ресей Федерациясы) және аудармашы Тасина Заринаны қабылдады.

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысымен таныстыру, ауданда атқарылып жатқан ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат алмасты, сондай-ақ халықаралық байқаушылардың сайлау процесін бақылауға қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Амангелдіұлы аудандағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол аумақтық сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында халықаралық байқаушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген жаңашылдықтарға қатысты сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

Дата публикации
28 июля 2026
Дата обновления
28 июля 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы