Меню

Страницы

Статья

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері қаралды.

Комиссия төрағасы Д.Шортанбаев  Құрылтай депутаттарының сайлауы тағайындалған сәттен бастап сайлау комиссиялары тиісті функцияларды орындайтынын, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындау және ұйымдастыру жұмыстары басталғанын атап өтті.

Комиссия хатшысы М.Кумісбеков Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен  бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілетінін және  сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу, сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру, саяси партияларды сайлауға қатысуға жіберу туралы қабылданған қаулыларына жеке-жеке тоқталды.

Отырыстың қорытындысында комиссия төрағасы Д.Шортанбаев  сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтау басты талап болып қала беретінін айтып,  сайлау науқанын сапалы ұйымдастыруда комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығы мен жауапкершілігінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комссиясы

Дата публикации
06 июля 2026
Дата обновления
06 июля 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы