Меню

Страницы

Статья

Аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында белгіленген  жұмыстарды мерзімінде орындау үшін  учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларының қатысуымен 2026 жылғы 24 ақпанда аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия отырысын аудандық референдум комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев ашып, референдум учаскелерін жарақтандыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа және 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес референдум учаскелерiнде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқығын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудандық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Л.Ерсейтова азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша  республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну туралы нақты түсіндірмелер берді. Сонымен қатар   дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды  хабардар ету  жұмыстарының учаскелік референдум комиссияларының тиісті мерзімінде, яғни дауыс беру күніне дейінгі кемінде 10 күннен кешіктірмей орындалуын қамтамасыз ету керектігіне тоқталып өтті.

Аудандық референдум комиссиясының хатшысы М.Күмісбеков  2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында бекітілген өзге де тармақтарына кеңінен тоқталып, тиісті мерзімдердің орындалуын заң талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуіне, құжаттарды рәсімдеу барысында  мәліметтердің дұрыстығына, нақтылығына ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Есептік нысандардың, хаттамалардың және өзге де рәсімдік құжаттардың белгіленген үлгіге сәйкес, толық әрі дұрыс толтыруын қамтамасыз ету бойынша жан-жақты  баяндады.

 

 

 

 

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы