Меню

Страницы

Статья

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 8 сәуірде өткізілген семинар-тренинг

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 8 сәуірде өткізілген семинар-тренинг

         2025 жылғы 8 сәуірде Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Игілік ауылдық округ әкімі сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша №374, 375 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттырып, оларды сайлау процесінің барлық кезеңдеріне дайындау болатын.

         Дәріс беру алдында 1-ші кезекте тест өткізілді.

         Семинар барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері дәріс оқып, қатысушыларға сайлау процесінің негізгі аспектілерін түсіндірді.

         Әр тақырып бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қосымша пікір білдіріп, қорытындылады.

         Әр тақырыпты бекіту бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне кейстік және ситуациялық сұрақтар қойып, жауап алынды.

Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін, семинар соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынды.

 

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы