Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы
2024 жылғы 6 қыркүйекте аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы болды.
Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде атқарылатын мәселелер қаралды.
Отырысқа аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері қатысты.
Комиссия отырысын аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д. Шортанбаев ашып республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайтынын, референдумды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратынын атап өтті.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға енген өзгерістерге, республикалық референдум өткізу кезеңіндегі үгіттің негізгі аспектілеріне тоқталып, 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу барысы Күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуге тиіс екендігіне назар аударылу қажет екендігі ескертілді.
Атап айтқанда, халықты ақпараттандыру, дауыс беру күніне учаскелердің дайындығы және азаматтардың дауыс беруі үшін, оның ішінде мүгедектігі бар және дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелеріне комиссия мүшелерінің бекітілген лауазымдық міндеттері бойынша жұмыс атқаратындықтары айтылды.