Меню

Страницы

Статья

Жаңаталап ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың қатысуымен комиссия отырысы өтті

Жаңаталап ауылдық округі  әкіміне тіркелген кандидаттардың қатысуымен комиссия отырысы өтті

 

2024 жылғы  26 тамызда  Сарысу аудандық сайлау комиссиясының  отырысы  болып өтті.  Комиссия отырысына  2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Жаңаталап ауылдық округі  әкіміне тіркелген кандидаттар мен комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия отырысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д. Шортанбаев ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша айтып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  төраға орынбасары Л. Ерсейтова Жаңаталап ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың күнтізбелік  жоспарына сәйкес, тіркелген кандидаттарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының (ары-қарай – Конституциялық заң) 27-32 баптарында айқындалған  сайлау алдындағы үгітке байланысты заң талаптарына жан-жақты  тоқталып, Конституциялық заңның 113-5-бабының 11-тармағында белгіленген заң талаптарына түсіндірме жүргізіп және аталған заңның 50-бабында айқындалған  Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік  және өзге жауаптылық көзделгені жөнінде айтып өтті.

Конституциялық заңның 33-бабының 1-1 және 2-1 тармақтарында белгіленген шығыстар бойынша  «Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру» тақырыбына  комиссия мүшесі А. Дәуренбекқызы тіркелген кандидаттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кандидаттардың қойылған сұрақтарына  жан -жақты жауап берді.

 

                                                 Сарысу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 августа 2024
Дата обновления
26 августа 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы