Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
(Жаңатас қаласы, 3 шағынаудан, №45 ғимарат, тел: 8 (72634) 6-20-25)
2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтерінің шекаралары жөнінде хабарлайды:
Жаңаталап сайлау округі: (№372, 373 сайлау учаскелері)
Шекарасы: Ұйым ауылы, канал және Шабақты бойындағы үйлер, Жаңаталап ауылы, Жарқұдық қыстауы.